https://sputnik.kz/20240515/memlekettik-bilim-beru-granttarynyn-tizimi-zhariyalandy-44289137.html
Мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды
Мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды
Sputnik Қазақстан
Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді 15.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-15T15:56+0500
2024-05-15T15:56+0500
2024-05-15T15:56+0500
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/578/45/5784573_0:92:2000:1217_1920x0_80_0_0_1690445c75b2b90355b6b5f6382dc66f.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланды.Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.Гранттардың басым бөлігі "Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары" білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал "Педагогикалық ғылымдарға" – 13 735 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласына – 10 903 грант, "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" бағытына – 8 288 грант тиесілі.Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. "Педагогикалық ғылымдар" және "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" БББТ бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.Сондай-ақ "Серпін" бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген."Серпін" жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтсақ, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады.Айта кетсек, оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған.Жалпы, бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында 79 мыңға жуық грант бөлінді.Магистратураға түсуге 13 мыңға жуық, докторантураға түсуге 1 900 астам грант бөлінген.2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында төмендегі сілтемелер бойынша жарияланған:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/578/45/5784573_128:0:1873:1309_1920x0_80_0_0_383e1bdef8fee5c7301c51e65295eda9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім гранттары
Мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды
Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланды.
Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Гранттардың басым бөлігі "Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары" білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал "Педагогикалық ғылымдарға" – 13 735 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласына – 10 903 грант, "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" бағытына – 8 288 грант тиесілі.
Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. "Педагогикалық ғылымдар" және "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" БББТ бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.
Сондай-ақ "Серпін" бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген.
"Серпін" жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтсақ, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады.
Айта кетсек, оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.
Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған.
Жалпы, бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында 79 мыңға жуық грант бөлінді.
Магистратураға түсуге 13 мыңға жуық, докторантураға түсуге 1 900 астам грант бөлінген.
2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында төмендегі сілтемелер бойынша жарияланған: