https://sputnik.kz/20240515/kazanforum-ayasynda-investitsiyalyq-zhane-infraqurylymdyq-zhobalar-kormesi-ashyldy-44294370.html
KazanForum аясында инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар көрмесі ашылды
KazanForum аясында инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар көрмесі ашылды
Sputnik Қазақстан
Бұл Ресей Федерациясының аймақтары мен ИЫҰ елдері арасындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Ресейдің ең ірі көрмесі 15.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-15T17:54+0500
2024-05-15T17:54+0500
2024-05-15T17:54+0500
ислам ынтымақтастық ұйымы
көрме
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0f/44278709_0:128:3103:1873_1920x0_80_0_0_544a2f424de2da4fc94757f29854aa34.jpg
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Сәрсенбі күні KazanForum XV халықаралық экономикалық форумы аясында Ресейдің инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларының ең ірі көрмесі Russia Halal Expo ашылды, деп хабарлады РИА Новости.Ол бүгінде Ресей экономикасының қуаты өндіруші күштер мен қызмет көрсету саласын ауқымды ұлғайтуға, инфрақұрылымдық желіні кеңінен нығайтуға, озық технологияларды дамытуға, жаңа заманауи өндірістерді құруға бағытталғанын айтты. Бұл әлеуеттің барлығы Russia Halal Expo халықаралық көрмесінде ұсынылған. Песошиннің айтуынша, көрмеге Ресейдің 11 елі мен 17 аймағы қатысуда."Бұл Ресей Федерациясының аймақтары мен ИЫҰ елдері арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Ресейдің ең ірі көрмесі, ол бизнес-жобаларды ілгерілету мен дамытудың бірегей кеңістігі, форумға қатысушылар арасында сындарлы диалог құру алаңы", - деп мәлімдеді Татарстан премьер-министрі.Russia Halal Expo көрмесінде инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар, ислам экономикасындағы өзара тиімді технологиялық альянстардың тұсаукесері, B2B жобалары, ислам экономикасының бастамалары және ірі бизнес пен ШОБ өнімдері ұсынылады.14-19 мамырда Қазан қаласында "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" атты Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің халықаралық экономикалық форумы өтуде.KazanForum – Ресей мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайтуға арналған алаң. Ресей Федерациясы президентінің жарлығымен форум 2023 жылы федералды мәртебеге ие болды. Ұйымдастыру комитетін Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасары Марат Хуснуллин басқарады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0f/44278709_210:0:2939:2047_1920x0_80_0_0_744c912c2f9ad1923a56c9809001da03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ислам ынтымақтастық ұйымы, көрме
ислам ынтымақтастық ұйымы, көрме
KazanForum аясында инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар көрмесі ашылды
Бұл Ресей Федерациясының аймақтары мен ИЫҰ елдері арасындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Ресейдің ең ірі көрмесі
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Сәрсенбі күні KazanForum XV халықаралық экономикалық форумы аясында Ресейдің инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларының ең ірі көрмесі Russia Halal Expo ашылды, деп хабарлады РИА Новости.
"Ислам әлемі Ресей үшін әрқашан әлемдегі ең маңызды экономикалық серіктестердің бірі болды және солай болып қала береді. Кейінгі жылдары арадағы барлық іскерлік байланыс тұрақты дамып, нығайып жатыр. Ресей мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдерінің арасындағы тауар айналымы үш жылда 37 пайызға өсіп, 156 миллиард доллардан астам қаржыны құрады", - деді көрменің ашылуында Татарстан премьер-министрі Алексей Песошин.
Ол бүгінде Ресей экономикасының қуаты өндіруші күштер мен қызмет көрсету саласын ауқымды ұлғайтуға, инфрақұрылымдық желіні кеңінен нығайтуға, озық технологияларды дамытуға, жаңа заманауи өндірістерді құруға бағытталғанын айтты. Бұл әлеуеттің барлығы Russia Halal Expo халықаралық көрмесінде ұсынылған. Песошиннің айтуынша, көрмеге Ресейдің 11 елі мен 17 аймағы қатысуда.
"Бұл Ресей Федерациясының аймақтары мен ИЫҰ елдері арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Ресейдің ең ірі көрмесі, ол бизнес-жобаларды ілгерілету мен дамытудың бірегей кеңістігі, форумға қатысушылар арасында сындарлы диалог құру алаңы", - деп мәлімдеді Татарстан премьер-министрі.
Russia Halal Expo көрмесінде инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар, ислам экономикасындағы өзара тиімді технологиялық альянстардың тұсаукесері, B2B жобалары, ислам экономикасының бастамалары және ірі бизнес пен ШОБ өнімдері ұсынылады.
14-19 мамырда Қазан қаласында "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" атты Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің халықаралық экономикалық форумы өтуде.
KazanForum – Ресей мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайтуға арналған алаң. Ресей Федерациясы президентінің жарлығымен форум 2023 жылы федералды мәртебеге ие болды. Ұйымдастыру комитетін Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасары Марат Хуснуллин басқарады.