Екібастұзда сәби аштықтан өлді: анасына үкім шықты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуТүрмедегі әйел
Түрмедегі әйел - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2024
Жазылу
Сот істі "Абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабы (ҚК 104-бабының 1-бөлігі) бойынша қарады
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Екібастұз соты қоғамды дүр сілкіндірген істі қарады - әйел өзінің кішкентай баласын аштан өлтірді деп айыпталды.
Сот істі "Абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабы (ҚК 104-бабының 1-бөлігі) бойынша қарады.
Сотта анықталғандай, әйел 2023 жылдың 10 қарашасы мен 17 қарашасы аралығында өзінің сегіз айлық баласына қылмыстық немқұрайлылық танытып, оны жеткілікті мөлшерде тамақтандырмаған, соның салдарынан бала қайтыс болған. Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушы өз кінәсін мойындады. Нәтижесінде әйел бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушының тағы екі баласы білім бөлімінің қамқорлығына алынып, анасының ата-ана құқықтары шектелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0