Әйелін 10 жыл бойы ұрып келген қазақстандық дипломаттың үстінен іс қозғалды

Карина Мамаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2024
Жазылу
Қазір процессуалды шаралар жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің экс-кеңесшісінің әйелі Карина Мамаштың мәлімдемесіне қатысты осы оқиғаға пікір білдірді.
Оның айтуынша, "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Қазір оның (БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің экс-кеңесшісі Сәкен Мамаштың – Sputnik) қайда екенін айта алмаймын. Біріншіден, материалдар сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Сараптаманың нәтижесін күтейік, жауап алу қажет, қазір процессуалды шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Лепеха мәжіліс кулуарында.
Еске сала кетейік, 5 мамырда Карина Мамаш видеоүндеу жариялап,10 жылдан бері күйеуінен қорлық көріп келе жатқанын айтқан еді. Күйеуінен аяусыз таяқ жеген келіншек Қазақстанның билік органдарынан көмек сұрады.
Көп ұзамай еліміздің сыртқы істер министрлігі Сәкен Мамашты дереу Қазақстанға қайтарып алатынын хабарлаған болатын.
Девушка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2024
Әйеліне ұрып-соққан БАӘ-дегі қазақстандық дипломат елге қайтарылады - СІМ
Жаңалықтар
0