Арнасынан асқан Жайық жолды шайып кетті: ауыл тұрғындары үшін қайық тасымалы іске қосылды

© Photo : Оперштаб по ЧС Атырауской областиПеревозки на лодках в Атырауской области во время паводка
Перевозки на лодках в Атырауской области во время паводка - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2024
Жазылу
"Атырау-Орал" тас жолының Индербор кентіне апаратын жеті шақырым жолды су шайып кетті
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Индерде кірме жолды су шаюына байланысты қайық тасымалы іске қосылды, деп хабарлайды Атырау облыстық жедел штабы.
Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың хабарлауынша, қайық қызметі Жайық өзенінің арғы бетінде орналасқан ауыл тұрғындарының аудан орталығына қатынауына жағдай туғызу мақсатында іске қосылып отыр. 15 мамыр күні іске қосылған қайықтың тасымалдау уақыты таңертеңгі 9.00-ден кешкі 19.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс уақыты 13.00-14.30 аралығын қамтиды.
"Жайықтың арғы бетінде 4 ауылдық округ пен оларға қарасты елдімекендер бар. Нақтылап айтқанда, Көктоғай, Өрлік, Есбол, Елтай ауылдық округтері және Ынтымақ, Аққала ауылы" деді Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов.
"Атырау-Орал" тас жолының Индербор кентіне кірме 7 шақырым жолды су шайып кетуіне байланысты, қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында жол қатынасы уақытша жабылған болатын. Қазіргі уақытта кірме жолды қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, Индербор кентіндегі орталық көпір мен қайық тасымалы аралығына кентішілік бағамен маршрут қарастырылады.
Махамбет ауданында қауіпті аймақтарда 40 бекетте тәулік бойы кезекшілік атқарылып жатыр.
Қазіргі уақытта Махамбет ауылында белгіленген 27 бекетте түнгі кезекшілер бөгеттерді бақылап жатыр. Әр 300 метр сайын орналасқан бекеттерде кемі үш кезекшіден еңбек етуде.
Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабының шешімімен, осындай кезекшіліктер Талдыкөл ауылында 500 метр сайын 5 бекетте, Сарайшық ауылында 200 метр сайын 8 бекетте ұйымдастырылуда.
Е14 мамыр 20.00 сағаттағы мәлімет бойынша, Махамбет ауданындағы су деңгейі 984 сантиметрге жетті.
Масштабные паводки в Казахстане весной 2024 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2024
Су тасқыны: бес мыңнан астам адам әлі эвакуация пунктінде тұрып жатыр
Жаңалықтар
0