https://sputnik.kz/20240515/adam-oltirgeni-ushin-kudikke-ilingen-qazaqstan-azamaty-turkiyadan-ekstraditsiyalandy-44277880.html
Адам өлтіргені үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Адам өлтіргені үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен... 15.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-15T11:30+0500
2024-05-15T11:30+0500
2024-05-15T11:30+0500
түркия
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен тонау, кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Түркиядан экстрадициялады. Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеді.2022 жылдың наурыз айында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағы шұңқырға көмген."Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, нәтижесінде сотталды, ал екіншісі тергеуден қашып үлгерді, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды. 2023 жылғы тамызда екінші күдікті Түркияда ұсталды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында қамауда. Осы қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", — делінген хабарламада.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, ішкі істер министрлігі
түркия, ішкі істер министрлігі
Адам өлтіргені үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен тонау, кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Түркиядан экстрадициялады. Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеді.
2022 жылдың наурыз айында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағы шұңқырға көмген.
"Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, нәтижесінде сотталды, ал екіншісі тергеуден қашып үлгерді, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды. 2023 жылғы тамызда екінші күдікті Түркияда ұсталды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында қамауда. Осы қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", — делінген хабарламада.