Әблязовтың тағы бір сыбайласы өз еркімен Қазақстанға оралды

© AP Photo / Alexander Turnbull Мухтар Аблязов
 Мухтар Аблязов - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2024
Жазылу
Богданов Брюссельден келді
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. 2009 жылдан бері іздеуде жүрген Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды.

"Ол Metropolitan Manageres Corp (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, "Беловодск крахмал зауыты" жабық АҚ басқарма төрағасы және 300 млн теңгеден астам сомаға банк қаражатын ұрлауда пайдаланылған "Маис Агро" ЖШС-да маман болған", - деп нақтылады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Жақын туыстарымен және адвокатпен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге көмектесуге ниет білдіріп, ол үшін жазбаша өтініш жолдады.
15 мамырда ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Богданов Брюссельден (Бельгия) Алматыға ұшты.
"Күдіктінің өз еркімен қайтарылуын, кінәсін толық мойындауын және тергеуге көмектесуін ескере отырып, Богдановқа қатысты бұрын таңдалған бұлтартпау шарасы қазіргі уақытта кепілмен босатуға ауыстырылды. Қазір оның қатысуымен тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекшілігімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы "БТА Банкі" АҚ-ның бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұрлық және ақшаны жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Әблязов Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарып, БТА банктен ақша ұрлағаны үшін сырттай сотталған болатын. Астана оны экстрадициялауды сұрап жатыр. 2022 жылдың желтоқсанында ол Франциядағы босқын мәртебесінен айырылды.
Айта кетері, бұған дейін 2023 жылдың шілдесінде Әблязовтың сыбайласы әрі ағасы Қуаныш Нұрғазин Қазақстанға өз еркімен оралған болатын.
Мұхтар Әблязов - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Қоғам
Мұхтар Әблязовтың ағасы әрі сыбайласы өз еркімен Қазақстанға оралды
Жаңалықтар
0