Жамбыл облысында жасөспірімнің мәйіті табылды

© Sputnik / Владислав ВодневСЭЗ_предприятия
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Жазылу
Қазіргі таңда жасөспірім өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысы Меркі ауданының Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментіне Меркі аудандық ауруханасынан хабарлама түскен.
"Полиция кәмелетке толмаған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі таңда жасөспірім өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, күдіктіге қатысты заңсыз суық қару алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген хабарламада.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2024
Ақтөбеде 8-сынып оқушысы белгісіз жағдайда көз жұмды
Жаңалықтар
0