Түркістан облысында заңсыз аң аулаған шетел азаматтары ұсталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Мемлекетке келтірілген шығынның көлемі 1 миллиард теңгеден асады.
Күдіктілерден 382 ақбөкен мүйізі, 119 томаға, 20-дан астам құс ұстауға арналған тұзақ, 7 рация, аңшылық және пневматикалық мылтық, оптикалық көру құралы, жарықтандырғыш, 15 келіге жуық арқар еті және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Мемлекетке келтірілген шығынның алдын ала есептелген көлемі 1 миллиард теңгеден асады.
Қазір браконьерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Тәртіп сақшылары Созақ ауданы мен Шымкент қаласы аумағында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен құстарды заңсыз аулау, сондай-ақ дериваттарды сақтау және сатуға күдікті адамдар тобының қылмыстық әрекетін анықтап, жолын кесті. Жалпы 7 адам ұсталды. Полицияға жеткізілгендердің төртеуі Қазақстан азаматы, ал қалған үшеуі елімізде тұруға ықтиярхаты бар Сирия азаматтары" - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Жаңалықтар
0