https://sputnik.kz/20240514/toqaev-tayauda-tagayyndalgan-tsifrlyq-damu-ministrine-tapsyrma-berdi-44263836.html
Тоқаев таяуда тағайындалған цифрлық даму министріне тапсырма берді
Тоқаев таяуда тағайындалған цифрлық даму министріне тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыруды, жасанды интеллектіні одан әрі дамытуды тапсырды 14.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-14T16:21+0500
2024-05-14T16:21+0500
2024-05-14T16:21+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0e/44263406_463:0:4104:2048_1920x0_80_0_0_24a6cf4297bfa9dfa1556b8749114356.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндалды.Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан. Реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған.Сонымен қатар мемлекет басшысына отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы баяндалды.Кездесу соңында президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20240506/toqaev-tsifrlyq-damu-innovatsiyalar-zhane-aerogarysh-onerkasibi-ministrin-tagayyndady-44111836.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0e/44263406_1373:0:4104:2048_1920x0_80_0_0_95d89e891d9f3c55a79e5cd870d445f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев таяуда тағайындалған цифрлық даму министріне тапсырма берді
Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыруды, жасанды интеллектіні одан әрі дамытуды тапсырды
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндалды.
Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан. Реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған.
"Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берілді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар мемлекет басшысына отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы баяндалды.
Кездесу соңында президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.