Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр

© Photo : Қобда ауданы әкімдігіҚобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Жазылу
Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен 300-ге жуық адамның өтініші тіркелді
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Су тасқынынан кейін бірнеше өңірде халықты басқа жерге көшіруге шешім қабылданды. Қазіргі кезде судан зардап шеккендерге баспана салу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Sputnik Қазақстан тілшісі Ақтөбе облысындағы Қобда ауданына хабарласып, жаңадан салынып жатқан коттедждердің құрылысы жайында білді.
© Photo : Қобда ауданы әкімдігіҚобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр

Үш жаңа көше ашылады

Аудан әкімі Ізгілік Досмұратұлының айтуынша, 12 құрылыс компаниясы 150 коттедж салып береді.
"Техникалық бақылау бойынша 150 үй, бірақ баспананың саны өзгеруі мүмкін. Қазіргі кезде 120 үйдің құрылысы басталып кетті. Жер учаскелері белгіленді. Іргетасы құйылып, кейбір үйлердің қабырғасын қалау жұмыстары басталды. Барлық үй типтік жоспар бойынша салынып жатыр", - деді Досмұратұлы Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
© Photo : Қобда ауданы әкімдігіҚобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Коттедждердің ауданы – 80-100 шаршы метр. Осы баспананы таратқанда отбасы мүшелеріне емес, зақым келген үйдің құжаттарына қарайды.
"Су басқан үйдің төлқұжаты негізге алынады. Қанша шаршы метр болды, соған қарай жаңа үй беріледі. Ал әрбір жер учаскесінің ауданы заңнама бойынша 10 сотық болады", - деп атап өтті аудан әкімі.
© Photo : Қобда ауданы әкімдігіҚобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Жаңадан салынатын үйлермен үш жаңа көше ашылады. Барлығына асфальт төселеді. Балалар аудандағы үш мектептің біреуіне бара алады.
"Үйлер ауданның шетінде салынып жатыр ғой. Орталық жақта үш мектеп бар. Онда орын жағынан проблема жоқ. Жаңа үйлердің құрылысын екі айдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Ізгілік Досмұратұлы.
© Photo : Қобда ауданы әкімдігіҚобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен 300-ге жуық адамның өтініші тіркелді.

Төтенше жағдай режимі сақталып отыр

Үкіметтің соңғы мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде 8 өңірде төтенше жағдай режимі сақталып отыр. Ақтөбе облысындағы екі елді мекенде әлі де көлік қатынасы жоқ. Бірақ тұрғындар азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.
© Photo : Қобда ауданы әкімдігіҚобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Жалпы, су басқан аймақтардан 119 мыңнан астам адам, оның ішінде 44 мың бала эвакуацияланды. Бүгінгі таңда 55,6 мың адам өз үйіне оралды. Эвакуациялау бекеттерінде 5 мыңға жуық азамат бар.
Су тасқыны салдарынан 12 908 тұрғын үйді су басты. Соның ішінде үш өңірде әлі 264 үй су астында қалып отыр. Сондай-ақ 25 921 саяжай учаскелері су астында қалды.
© Photo : Қобда ауданы әкімдігіҚобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр  - Sputnik Қазақстан
1/3
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
© Photo : Қобда ауданы әкімдігіҚобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр  - Sputnik Қазақстан
2/3

3/3

Бүгінгі таңда 20 600 отбасы 100 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады. 680 отбасына 362 млн теңге көлемінде келтірілген материалдық шығын өтелді. Бұдан бөлек 568 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 710 млн теңгенің өтемақысын алды. Өңірлерде келтірілген залалды бағалау және өтеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0