Білім бөлімнің басшылығы балалардың жатақханасына кіріп алған: шенеуніктер жазаға тартылды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев ознакомился с работой Гуманитарного колледжа Уштобе
Касым-Жомарт Токаев ознакомился с работой Гуманитарного колледжа Уштобе - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысында шенеуніктер балалардың жатақханасын алып қойды. Соның салдарынан жүздеген оқушы сапалы біліп ала алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Заң бұзушылық Шет ауданында анықталды. Ол жерде Ыбырай Алтынсарин атындағы қолдау мектебі бар. Оқушылар интернатта жатып оқиды. Ол үшін 100 орынға арналған үш қабатты жатақхана салынған. Бірақ екі жыл бұрын балалардың бәрін шығарып тастады.
"2022 жылдың соңында комиссияның шешімімен санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз балаларды жатақханадан шығарып, оқу ғимаратының екінші қабатында орналастырылған. Соның салдарынан оқу кабинеттерінің саны азайды, ал кейбір кабинеттерді шаруашылық бөлмелерге айналдырды. Білім мекемесінде оқу, демалыс, санитарлық, қоғамдық тамақтану және тағы басқа алаңдардың белгіленген нормалары бұзылды", - дейді прокурорлар.
Тексеріс кезінде жатақхананың екінші қабатында Шет аудандық білім бөлімінің орналасқаны анықталды. Ал жатақхананың үшінші қабатында білім бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен әдіскерлері жатып алды. Бұл жағдай халықтың наразылығын тудырды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жатақхана балаларға қайтарылды. Ал кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
0