Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ мемлекеттік хатшысы Украинаға жаңа қару-жарақ жеткізіліп жатқанын айтты

© AP Photo / Michael VaraklasЭнтони Блинкен
Энтони Блинкен - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Киевке сапармен келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украина президенті Владимир Зеленскийге Вашингтон жақында мақұлдаған қару-жарақ пакеті қазірдің өзінде келіп жатқанын және одан да көп болатынын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Блинкен Зеленскийге жаңа қару-жарақ пакеті қазірдің өзінде жеткізіліп жатқанын және көбірек жіберілетінін айтты", - делінген Reuters хабарламасында.
Мемлекеттік хатшы атап өткендей, АҚШ Украинаның "экономикалық, әскери және демократиялық қатынастарда" тәуелсіз болғанын қалайды.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу шиеленісті реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина үшін қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Оның пікірінше, АҚШ пен НАТО қақтығысқа тікелей араласып отыр, оның ішінде тек қару-жарақ жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындаумен айналысады.
Жаңалықтар
0