https://sputnik.kz/20240514/almatyda-bloger-ustaldy-44269779.html
Алматыда блогер ұсталды
Алматыда блогер ұсталды
Sputnik Қазақстан
22 жастағы күдіктінің үстінен 15 адам полицияға арыз түсірген 14.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-14T20:20+0500
2024-05-14T20:20+0500
2024-05-14T20:33+0500
блогер
алматы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Алматыда Жапония мен Кореяға виза рәсімдеуге уәде берген блогер ұсталды. Оның үстінен 15 адам арыз жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы өз блогында Жапония мен Кореяда ақша табудың жолдары туралы айтып, қажетті құжаттарды оп-оңай және кедергісіз рәсімдеп беруге уәде еткен. Оның блогына 10 мыңнан астам адам жазылған. Сол себепті жас жігіт визаға клиенттің көп болатынын білген.Осы орайда тәртіп сақшылары күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды 8-707-142-01-11 және 8-702-777-11-40 телефондарына хабар беруді сұрайды.Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал осы қылмыстың ірі мөлшерде жасалғаны дәлелденсе, кінәлі адам үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айырылады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
блогер, алматы
Алматыда блогер ұсталды
20:20 14.05.2024 (жаңартылды: 20:33 14.05.2024) 22 жастағы күдіктінің үстінен 15 адам полицияға арыз түсірген
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Алматыда Жапония мен Кореяға виза рәсімдеуге уәде берген блогер ұсталды. Оның үстінен 15 адам арыз жазды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz
порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы өз блогында Жапония мен Кореяда ақша табудың жолдары туралы айтып, қажетті құжаттарды оп-оңай және кедергісіз рәсімдеп беруге уәде еткен. Оның блогына 10 мыңнан астам адам жазылған. Сол себепті жас жігіт визаға клиенттің көп болатынын білген.
"22 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі кезде оның үстінен 15 адам полицияға арыз түсірген. Олар виза үшін алдын ала 100 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін ақша аударған. Алданған адамдар бұдан да көп болуы мүмкін", - дейді полицейлер.
Осы орайда тәртіп сақшылары күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды 8-707-142-01-11 және 8-702-777-11-40 телефондарына хабар беруді сұрайды.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал осы қылмыстың ірі мөлшерде жасалғаны дәлелденсе, кінәлі адам үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айырылады.