Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі көтерілуі мүмкін

© Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіЖайық өзінінің жағасын бекіту жұмыстары
Жайық өзінінің жағасын бекіту жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2024
Жазылу
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 545 см, Атырау облысының Махамбет ауылында - 966 см. Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі.
Министрлік өңірлердегі су қоймалары туралы ақпаратты бөлісті:
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.
Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 754 см, ол бір тәулікте 4 см-ге төмендеді.
Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,32 млн текше метр су жіберіледі.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.
Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1063 см. Ол бір тәулікте 6 см-ге төмендеді.
Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірдегі су тасқыны аяқталды.
Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 84,6%. Аймақта су тасқыны жалғасуда.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 57%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды.
Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды.
Су қоймаларында "Қазсушар" мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2024
Су тасқыны: Батыс Қазақстанда 2,4 мың бас мал қырылды
Жаңалықтар
0