https://sputnik.kz/20240513/sim-okili-turmystyq-zombylyqqa-ushyragan-diplomattyn-ayelin-qoldaytyndaryn-aytty-44241512.html
СІМ өкілі тұрмыстық зомбылыққа ұшыраған дипломаттың әйелін қолдайтындарын айтты
СІМ өкілі тұрмыстық зомбылыққа ұшыраған дипломаттың әйелін қолдайтындарын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі консулдық... 13.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-13T20:01+0500
2024-05-13T20:01+0500
2024-05-13T20:01+0500
дипломаттар
сыртқы істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995825_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_0dda0f38d0541b9bda12b4e5f7884a14.jpg
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі консулдық кеңесшінің әйелі Карина Мамашты толығымен қолдайды, деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні Карина Мамаш өзіне 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көрсеткен күйеуінен қорғауды өтінген видео үндеу түсірген болатын. Сол күні сыртқы істер министрлігі Сәкен Мамашты Қазақстанға шақырып алды.Құқық қорғау органдары оның үстінен қылмыстық іс қозғады, деді ол."Мен Каринамен жеке кездестім, онымен сөйлестім, біз оған барынша қолдау көрсетеміз, әрине Ішкі тексеруді өзіміз жүргіземіз", - деп қосты Смадияров.Оның айтуынша, жыл сайын елшіліктерде жұмыс істейтін барлық министрлік қызметкерлері шетелге шыққанда арнайы психологиялық-неврологиялық комиссиядан өтеді."Жақында біз мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, барлық қызметкерлеріміздің психо-эмоционалды жағдайына тестілеуден өткізу үшін тағы бір бағдарламаны іске қостық", - деді министрлік өкілі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995825_719:0:2970:1688_1920x0_80_0_0_372cca9827b64071c79cd4034c5c803d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дипломаттар, сыртқы істер министрлігі
дипломаттар, сыртқы істер министрлігі
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі консулдық кеңесшінің әйелі Карина Мамашты толығымен қолдайды, деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.
Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні Карина Мамаш өзіне 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көрсеткен күйеуінен қорғауды өтінген видео үндеу түсірген болатын. Сол күні сыртқы істер министрлігі Сәкен Мамашты Қазақстанға шақырып алды.
"6 мамырда ол елшіліктен елге ұшып келді, ал 9 мамырда шекарадан өткеннен кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметінен босатылды", - деді Смадияров ведомствода өткен брифингте.
Құқық қорғау органдары оның үстінен қылмыстық іс қозғады, деді ол.
"Мен Каринамен жеке кездестім, онымен сөйлестім, біз оған барынша қолдау көрсетеміз, әрине Ішкі тексеруді өзіміз жүргіземіз", - деп қосты Смадияров.
Оның айтуынша, жыл сайын елшіліктерде жұмыс істейтін барлық министрлік қызметкерлері шетелге шыққанда арнайы психологиялық-неврологиялық комиссиядан өтеді.
"Жақында біз мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, барлық қызметкерлеріміздің психо-эмоционалды жағдайына тестілеуден өткізу үшін тағы бір бағдарламаны іске қостық", - деді министрлік өкілі.