https://sputnik.kz/20240513/qazaqstan-men-resey-shekarasyndagy-zhol-zhondeu-zhumystary-kezek-tudyruy-mumkin-44223668.html
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы жол жөндеу жұмыстары кезек тудыруы мүмкін
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы жол жөндеу жұмыстары кезек тудыруы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бақылау-өткізу бекетінде порталды инспекциялық тексеру кешендері орнатылған жерлерде жол жамылғысын жөндеу жұмыстары... 13.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-13T10:46+0500
2024-05-13T10:46+0500
2024-05-13T10:46+0500
шекара
жол жөндеу
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0d/44221508_0:94:1800:1107_1920x0_80_0_0_464ddfe996200f4cf251fb13e0365746.jpg
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Ертең Орынбор облысындағы "Маштаково" бақылау-өткізу бекетінде жол жөндеу жұмыстары басталады, бұл көлік кептелісін тудыруы мүмкін және тексеру-бақылау процесінен өту уақытын ұзартады. Бұл туралы Росгранстрой ("Ресей шекаралары нысандарының құрылысы және пайдалану дирекциясы" федералдық қазыналық мемлекеттік мекемесі – Sputnik) хабарлады.Бұл ретте мекеме жол жөндеу жұмыстары екі кезеңмен өтетінін хабарлады.14-22 мамыр аралығында Ресейден Қазақстанға шығу бағытындағы бақылау-өткізу пунктінде орнатылған порталды инспекциялық тексеру кешені аумағында жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.23-31 мамыр аралығында Қазақстаннан Ресейге кіруге арналған өткізу пунктінде орнатылған порталды инспекциялық тексеру кешенінің аймағында аталған жұмыстар жүргізіледі.Сканерлеудің орнына шекарашылар тексеру жұмыстарын көзбен шолу арқылы жүргізеді. Осы себепті тексеру процесінің уақыты әдеттегіден ұзаққа созылады.Жүргізушілерге мемлекеттік шекараны кесіп өту уақытын мұқият жоспарлау немесе басқа өткізу пункттерін, мысалы, Саратов облысындағы Озинки немесе Орынбор облысындағы Теплое нысандарын пайдалану ұсынылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0d/44221508_101:0:1701:1200_1920x0_80_0_0_3c7616cbc8a0e9b045478112b7e96ca7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара, жол жөндеу
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы жол жөндеу жұмыстары кезек тудыруы мүмкін
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бақылау-өткізу бекетінде порталды инспекциялық тексеру кешендері орнатылған жерлерде жол жамылғысын жөндеу жұмыстары жүргізіледі
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Ертең Орынбор облысындағы "Маштаково" бақылау-өткізу бекетінде жол жөндеу жұмыстары басталады, бұл көлік кептелісін тудыруы мүмкін және тексеру-бақылау процесінен өту уақытын ұзартады. Бұл туралы Росгранстрой ("Ресей шекаралары нысандарының құрылысы және пайдалану дирекциясы" федералдық қазыналық мемлекеттік мекемесі – Sputnik) хабарлады.
Бұл ретте мекеме жол жөндеу жұмыстары екі кезеңмен өтетінін хабарлады.
14-22 мамыр аралығында Ресейден Қазақстанға шығу бағытындағы бақылау-өткізу пунктінде орнатылған порталды инспекциялық тексеру кешені аумағында жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
23-31 мамыр аралығында Қазақстаннан Ресейге кіруге арналған өткізу пунктінде орнатылған порталды инспекциялық тексеру кешенінің аймағында аталған жұмыстар жүргізіледі.
"Жөндеу жұмыстары кезінде портал кешендері арқылы жүктерді сканерлеу тоқтатылады", - деп ескертті ведомство.
Сканерлеудің орнына шекарашылар тексеру жұмыстарын көзбен шолу арқылы жүргізеді. Осы себепті тексеру процесінің уақыты әдеттегіден ұзаққа созылады.
Жүргізушілерге мемлекеттік шекараны кесіп өту уақытын мұқият жоспарлау немесе басқа өткізу пункттерін, мысалы, Саратов облысындағы Озинки немесе Орынбор облысындағы Теплое нысандарын пайдалану ұсынылды.