Былтыр Қазақстан мен Өзбекстан арасында автокөлікпен 1,8 млн тонна жүк тасымалданған

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2024
Жазылу
Екі ел арасындағы жүк өткізу көлемін 10 млн тоннаға арттыру жоспарланып отыр
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев пен Өзбекстанның көлік саласына жауапты министрі Илхом Махкамов екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мүмкіндіктерін, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, "Дарбаза – Мақтаарал" жаңа теміржол желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк өткізу көлемін тағы 10 млн тоннаға арттыру жоспарланып отыр.
"Өткен жылы автокөлікпен экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі 6 пайызға ұлғайып, 1,8 млн тоннаны құрады. Жалпы автотасымалдау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың оң серпіні байқалады", — деп атап өтті Марат Қарабаев.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан қалалары арасында аптасына 37 рейс орындалады.
Өткен жылы Ташкентте өткен келіссөз барысында тараптар рейстер санын одан әрі ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту мәселелерін талқылап, рұқсат етілген рейстер санын Астана – Ташкент бағыттары бойынша аптасына 12 рейстен 36 рейске дейін, Алматы-Ташкент бағыттары бойынша аптасына 20 рейстен 36 рейске дейін, ал қалған маршруттарда аптасына 4 рейске дейін ұлғайтуға уағдаласты.
"Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар" теміржолының құрылысына келетін болсақ, қазақстандық тарап Өзбекстанның бұл бастамасын қолдайды.
"Жобаны іске асыру Орталық Азия елдері үшін өңірлік қатынас пен сауданы дамытуға ықпал ететініне сенімдімін, өйткені Оңтүстік Азия өңірінің ірі теңіз порттарына қолжетімділік ашылады",- деді ведомство басшысы.
Жаңалықтар
0