Бишімбаевқа қатысты сот отырысы: алқабилер кеңесу бөлмесіне кетті

© Sputnik / Санат ИмангалиевВ специализированном межрайонном суде по уголовным делам Астаны продолжается главное судебное разбирательство по делу экс-министра национальной экономики Казахстана Куандыка Бишимбаева
В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Астаны продолжается главное судебное разбирательство по делу экс-министра национальной экономики Казахстана Куандыка Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2024
Жазылу
Алқабилер кеңесу бөлмесінде негізгі үш сұрақтың жауабын беруі керек
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Бишімбаевтың ісін қарап жатқан алқабилер мен судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі сот отырысында кеңесу бөлмесінде алқабилерге қойылатын сұрақтар жарияланды. Осыдан кейін судья және алқабилер кеңесу бөлмесіне кетті.
"Қазір судья және 10 негізгі алқаби осы іс бойынша шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне барады. Соттың шешімін жариялатын уақыт кейін жарияланады", - деді судья Айжан Көлбаева.
Айта кетері, экс-министрге Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр.
Олар:
99-бап, 2-бөлігінің 6-тармағы – адам өлтіру, қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру);
110-бап, 2-бөлігінің 1-тармағы – адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамды қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Кеңесу бөлмесінде алқабилерге 13 сұрақ қойылады. Оның басым бөлігі экс-министрге тағылған айыптарға қатысты. Алқабилер алдымен Қылмыстық кодекстің 110-бабы (адамды қинау) бойынша төрт сұраққа жауап береді.
Тергеуге сәйкес, Бишімбаев Салтанат Нүкенованы бір жылдың ішінде бірнеше рет ұрып-соғып, қадір-қасиетін кемсіткен. Ал Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша Бишімбаевтың осы әрекетті қасақана жасағаны дәлелденді ме, жоқ па, оған қатысты бірнеше сұрақ бар.
Сондай-ақ "Жеңілтектік пен немқұрайлылықтың салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулығына ауыр зиян келтірген көптеген соққының әдейі жасалғаны дәлелденді ме?" деген сұрақ та қойылады.
Бишімбаевтың туысы – Бақытжан Байжановтың кінәсіне қатысты үш сұрақ бар. Алқабилер арнайы парақшада белгі қойып, жауап береді. Сосын парақшалардың бәрі жәшікке салынады.
Жаңалықтар
0