Алматыда бір айда 30 мың ағаш отырғызылды

© Photo : Акимат Алматы Алматыдағы сенбілік
 Алматыдағы сенбілік - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2024
Жазылу
Бұл Нью-Йорктің Орталық саябағындағы ағаштардың санынан асып түседі
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны басталғаннан бері 30 мыңнан астам жапырақты ағаш және 5 мың бұта отырғызылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Әкім Ерболат Досаевтың бастамасымен 27 сәуірде жаппай ағаш отырғызу өтіп, 8 205 көшет егілді, оның 4 мыңнан астамы алма.
"Жасыл аула" акциясы аясында қала тұрғындарына 3 мың көшет, ал "Алматы – бақ қала" жалпықалалық бастамасы аясында 8 мыңнан астам көшет таратылды", - деп жазылған хабарламада.
19 сәуірде мектептерде "Мектеп ауласының оазисі" ландшафты дизайн фестивалі аясында қалада 20 мыңнан астам гүл, 430 жеміс ағашы және 200 туя көшеті отырғызылды.
"Таза Қазақстан" акциясы аясында 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны өтті. Жобаның мақсаты – экологиялық мәдениет қалыптастыру, халықтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2023
Елорда тынысы
Астанада 4 мыңға жуық ағаш отырғызылды
Жаңалықтар
0