https://sputnik.kz/20240513/almaty-oblysynda-on-zhyl-buryn-salyngan-mektep-qulagaly-tur-44238446.html
Алматы облысында он жыл бұрын салынған мектеп құлағалы тұр
Алматы облысында он жыл бұрын салынған мектеп құлағалы тұр
Sputnik Қазақстан
Бұл мектеп 280 оқушыға арналған, бірақ 809 бала білім алып жатыр, үш ауысыммен оқиды 13.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-13T15:54+0500
2024-05-13T15:54+0500
2024-05-13T17:30+0500
мектеп
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0d/44237420_0:1:1919:1080_1920x0_80_0_0_3bc8956b00fd3299f1f925b6c14340b0.jpg
АЛМАТЫ, 13 мамыр - Sputnik. Алматы, облысы Жамбыл ауданы Еңбекшіарал ауылындағы мектеп құлағалы тұр. Ауылдағы проблеманы Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.Еңбекшіарал ауылындағы мектеп 2015 жылы салынған. Арада он жыл өтпей құлауға айналған."Қазіргі күні спорт залдың жауып тастадық. Өйткені қауіпті. Негізі мектеп 2015 жылы пайдалануға берілген. Қыстан бері арнайы қызмет келіп тексеріп, үнемі бақылауда ұстап отыр. Біз де күн сайын акт жасаймыз, қанша сантиметр кереге ажырайды, қанша сантиметрге төмен шөкті, фундаменттері бәрін тіркеп отырмыз", - дейді мектеп директоры Жанна Ермекбаева.Жаңа мектептің екінші қабатының да қабырғалары қақырап кеткен, тіпті керегелер бір-бірінен ажырап, ар жағынан күн көрінеді."Осы оқу жылы біткенше балалар аман болса екен деп, шыбын жанымызды шүберекке түйіп, қорқып отырмыз. Жауын жауған сайын кереге ажырап барады. Егер рұқсат берсе оқушыларды үйімде оқытар едім. Мұғалімдер де амал жоқтан жүрміз", - дейді директор.Бұл мектеп 280 оқушыға арналған, бірақ 809 бала білім алып жатыр, үш ауысыммен оқиды. Қазіргі күні мектептің жан-жағын ала лентамен қоршап тастаған, мұғалім біткен мектептің құлағалы тұрған жағынан бала біткенді қуып әлек, таңның атысы кештің батысы күзетумен жүр.Облыстық білім басқармасы болса балалардың өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады. Ведомство мәліметінше, 2022 жылдан бастап мектеп ғимаратындағы спорт залының жеке бөлігінде жарықша пайда болды. "2024 жылдың қаңтар айында болған жер сілкінісінен кейін жарықшақ кеңейген. Қазіргі уақытта мәселені шешу үшін облыс әкімі орынбасарының жетекшілігімен құрамында аудан әкімі, білім басқармасы, құрылыс басқармасы және төтенше жағдайлар департаменті бар комиссия жұмыс жасауда. Қаражат қарастырылды. Оқушылардың жазғы демалысында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда оқушыларға қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген ведомство жауабында.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0d/44237420_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_d36b5f57810a2614e4c77f7a85d86d48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
мектеп, алматы облысы
Алматы облысында он жыл бұрын салынған мектеп құлағалы тұр
15:54 13.05.2024 (жаңартылды: 17:30 13.05.2024) Бұл мектеп 280 оқушыға арналған, бірақ 809 бала білім алып жатыр, үш ауысыммен оқиды
АЛМАТЫ, 13 мамыр - Sputnik. Алматы, облысы Жамбыл ауданы Еңбекшіарал ауылындағы мектеп құлағалы тұр. Ауылдағы проблеманы
Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Еңбекшіарал ауылындағы мектеп 2015 жылы салынған. Арада он жыл өтпей құлауға айналған.
"Қазіргі күні спорт залдың жауып тастадық. Өйткені қауіпті. Негізі мектеп 2015 жылы пайдалануға берілген. Қыстан бері арнайы қызмет келіп тексеріп, үнемі бақылауда ұстап отыр. Біз де күн сайын акт жасаймыз, қанша сантиметр кереге ажырайды, қанша сантиметрге төмен шөкті, фундаменттері бәрін тіркеп отырмыз", - дейді мектеп директоры Жанна Ермекбаева.
Жаңа мектептің екінші қабатының да қабырғалары қақырап кеткен, тіпті керегелер бір-бірінен ажырап, ар жағынан күн көрінеді.
"Осы оқу жылы біткенше балалар аман болса екен деп, шыбын жанымызды шүберекке түйіп, қорқып отырмыз. Жауын жауған сайын кереге ажырап барады. Егер рұқсат берсе оқушыларды үйімде оқытар едім. Мұғалімдер де амал жоқтан жүрміз", - дейді директор.
Бұл мектеп 280 оқушыға арналған, бірақ 809 бала білім алып жатыр, үш ауысыммен оқиды. Қазіргі күні мектептің жан-жағын ала лентамен қоршап тастаған, мұғалім біткен мектептің құлағалы тұрған жағынан бала біткенді қуып әлек, таңның атысы кештің батысы күзетумен жүр.
Облыстық білім басқармасы болса балалардың өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады. Ведомство мәліметінше, 2022 жылдан бастап мектеп ғимаратындағы спорт залының жеке бөлігінде жарықша пайда болды.
"2024 жылдың қаңтар айында болған жер сілкінісінен кейін жарықшақ кеңейген. Қазіргі уақытта мәселені шешу үшін облыс әкімі орынбасарының жетекшілігімен құрамында аудан әкімі, білім басқармасы, құрылыс басқармасы және төтенше жағдайлар департаменті бар комиссия жұмыс жасауда. Қаражат қарастырылды. Оқушылардың жазғы демалысында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда оқушыларға қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген ведомство жауабында.