https://sputnik.kz/20240512/ulytauda-100-zhyl-komuli-zhatqan-tarikhi-zhadiger-tabyldy--video-44215675.html
Ұлытауда 100 жыл көмулі жатқан тарихи жәдігер табылды – видео
Ұлытауда 100 жыл көмулі жатқан тарихи жәдігер табылды – видео
Sputnik Қазақстан
Табылған Намбу тапаншасын 1925 жылы Кидзиро Намбу жасап шығарған 12.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-12T15:47+0500
2024-05-12T15:47+0500
2024-05-12T15:47+0500
тапанша
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0c/44215510_22:0:1057:582_1920x0_80_0_0_7bf541910c601c609e59111d2131d71d.jpg
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейіне Кеңес-Жапон соғысы кезінде жасалған тарихи жәдігер тапсырылды. Оны облыс тұрғыны жертөле қазып жатқанда тауып алған, деп хабарлайды Polisia.kz Намбу тапаншасын Жаңаарқа ауданы тұрғыны тауып алған. Ер адам аулада жертөле қазып жатқан. Сол кезде топырақтың арасынан тарихи жәдігер шыққан. Газетке оралған қару жердің астында 100 жыл жатқан.Криминалистер өткізген зерттеуге сәйкес, 14 типті Намбу тапаншасын 1925 жылы Кидзиро Намбу жасап шығарған. Оны император армиясының офицерлері 1937 жылы Қытайға қарсы соғыста, сондай-ақ 1945 жылы Кеңес-Жапон соғысы кезінде қолданған."Балистикалық сараптама бойынша біз Жапония императоры кезінде шығарылғанын анықтадық. Жердің астында жатқан тапаншаны өте қатты тот басқан ", - дейді полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Бауыржан Қалыбеков.Құнды экспонат тарихи-археологиялық музейге тапсырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0c/44215510_152:0:928:582_1920x0_80_0_0_47eabb646b6d5c0aa75ee408c002ab1d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тапанша
Ұлытауда 100 жыл көмулі жатқан тарихи жәдігер табылды – видео
Табылған Намбу тапаншасын 1925 жылы Кидзиро Намбу жасап шығарған
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейіне Кеңес-Жапон соғысы кезінде жасалған тарихи жәдігер тапсырылды. Оны облыс тұрғыны жертөле қазып жатқанда тауып алған, деп хабарлайды
Polisia.kz Намбу тапаншасын Жаңаарқа ауданы тұрғыны тауып алған. Ер адам аулада жертөле қазып жатқан. Сол кезде топырақтың арасынан тарихи жәдігер шыққан. Газетке оралған қару жердің астында 100 жыл жатқан.
Криминалистер өткізген зерттеуге сәйкес, 14 типті Намбу тапаншасын 1925 жылы Кидзиро Намбу жасап шығарған. Оны император армиясының офицерлері 1937 жылы Қытайға қарсы соғыста, сондай-ақ 1945 жылы Кеңес-Жапон соғысы кезінде қолданған.
"Балистикалық сараптама бойынша біз Жапония императоры кезінде шығарылғанын анықтадық. Жердің астында жатқан тапаншаны өте қатты тот басқан ", - дейді полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Бауыржан Қалыбеков.
Құнды экспонат тарихи-археологиялық музейге тапсырылды.