https://sputnik.kz/20240512/elimizde-dron-fakulteti-ashylady-44218624.html
Елімізде дрон факультеті ашылады
Елімізде дрон факультеті ашылады
Sputnik Қазақстан
Кореялық профессорлар Қазақстанда дрон саласына қажетті мамандар даярлайды 12.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-12T20:42+0500
2024-05-12T20:42+0500
2024-05-12T20:42+0500
дрон
https://sputnik.kz/img/07e8/04/16/43837347_0:39:549:348_1920x0_80_0_0_84958b27889d7e30e4a0dd57f8e7b0fc.png
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Мұндай келісімге еліміздің өнеркәсіп және құрылыс министрлігі делегациясының Оңтүстік Кореяға сапары барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды 24kz арнасы.Делегация мүшелері 3 күн ішінде Корея үкіметі мүшелерімен, ірі компаниялардың басшыларымен келіссөздер жүргізіп, Джей және Шинхан университеттерінде болды. Онда олар дәріске қатысып, дрондарды жасау үшін инженерлерді оқыту үдерісімен танысты.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, әзірге Қазақстанда екі университетте ғана дрондар кафедралары бар. Енді Джей университетінің көмегімен тағы бір факультет ашылмақ. Кореялық профессорлар Қазақстанда дрон саласына қажетті мамандар даярлайды.Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбековтің айтуынша, Джей академиясында жоғарғы сынып оқушыларынан бастап нақты өндірісте жұмыс істейтін адамдарға дейін арнайы соларға мамандырылған бағдарламалар бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/16/43837347_0:0:549:413_1920x0_80_0_0_2d59d41f16cbc0f45dad9c08a0aaf258.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дрон
Елімізде дрон факультеті ашылады
Кореялық профессорлар Қазақстанда дрон саласына қажетті мамандар даярлайды
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Мұндай келісімге еліміздің өнеркәсіп және құрылыс министрлігі делегациясының Оңтүстік Кореяға сапары барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды
24kz арнасы.
Делегация мүшелері 3 күн ішінде Корея үкіметі мүшелерімен, ірі компаниялардың басшыларымен келіссөздер жүргізіп, Джей және Шинхан университеттерінде болды. Онда олар дәріске қатысып, дрондарды жасау үшін инженерлерді оқыту үдерісімен танысты.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, әзірге Қазақстанда екі университетте ғана дрондар кафедралары бар. Енді Джей университетінің көмегімен тағы бір факультет ашылмақ. Кореялық профессорлар Қазақстанда дрон саласына қажетті мамандар даярлайды.
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбековтің айтуынша, Джей академиясында жоғарғы сынып оқушыларынан бастап нақты өндірісте жұмыс істейтін адамдарға дейін арнайы соларға мамандырылған бағдарламалар бар.
"Соларды қолдана отырып, мамандарды даярлаймыз. Алдағы уақытта Джей университеті Қазақстанға келіп, біздің университеттерімізді аралап, техникалық университеттерімізді, олардың ішінен өздеріне әріптес тандайды. Бізге корей және түрік тараптары дрондарды өндіру технологиясы мен құзыреттілігін беруге дайын", - дейді Азамат Бейісбеков.