https://sputnik.kz/20240511/shymkentte-sayabaqtyn-zherin-zhekemenshikke-satyp-zhibergen-44204434.html
Шымкентте саябақтың жерін жекеменшікке сатып жіберген
Шымкентте саябақтың жерін жекеменшікке сатып жіберген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласындағы "Кең баба" саябағына тиесілі жердің басым бөлігі заңсыз жекеменшікке берілген. Бұған қоса, аталған қаладағы... 11.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-11T14:43+0500
2024-05-11T14:43+0500
2024-05-11T14:43+0500
шымкент
саябақ
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/11/28565948_0:258:3182:2048_1920x0_80_0_0_6ec97cb02d59c1f90b257db4c461c502.jpg
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласындағы "Кең баба" саябағына тиесілі жердің басым бөлігі заңсыз жекеменшікке берілген. Бұған қоса, аталған қаладағы "Ұлы дала" тұрғын үй кешені Жер кодексінің нормаларын бұза отырып салынуда. Бұл туралы "AMANAT" партиясы жанындағы республикалық "Жер аманаты" комиссиясы төрағасының орынбасары, мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді. Аманаттықтардың айтуынша, құрылыс компаниясы дәл осы жер учаскесін ешқандай аукционға және конкурсқа қатыспай алыпты. "Жер аманаты" комиссиясы 2022 жылы қалалық әкімдіктің қаулысымен 2,2 гектар жер учаскесі "Shymkent" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ға 5 жылға уақытша жер пайдалануға берілгенін анықтады. Бұдан соң ӘКК аталған учаскені әкімдіктен сатып алып, кейін жеке құрылыс компаниясына қайта сатыпты.Еске сала кетейік, бұған дейін партиялықтар Дендропарк аумағындағы 0,4 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтаруға атсалысты.
https://sputnik.kz/20240130/zhemqorlyq-zhayynda-khabarlagan-azamattar-qalay-qorgalady-41906330.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/11/28565948_451:0:3182:2048_1920x0_80_0_0_4427afec3e32d2014d4a88e60dd06216.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, саябақ
Шымкентте саябақтың жерін жекеменшікке сатып жіберген
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласындағы "Кең баба" саябағына тиесілі жердің басым бөлігі заңсыз жекеменшікке берілген. Бұған қоса, аталған қаладағы "Ұлы дала" тұрғын үй кешені Жер кодексінің нормаларын бұза отырып салынуда. Бұл туралы "AMANAT" партиясы жанындағы республикалық "Жер аманаты" комиссиясы төрағасының орынбасары, мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді.
Аманаттықтардың айтуынша, құрылыс компаниясы дәл осы жер учаскесін ешқандай аукционға және конкурсқа қатыспай алыпты. "Жер аманаты" комиссиясы 2022 жылы қалалық әкімдіктің қаулысымен 2,2 гектар жер учаскесі "Shymkent" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ға 5 жылға уақытша жер пайдалануға берілгенін анықтады. Бұдан соң ӘКК аталған учаскені әкімдіктен сатып алып, кейін жеке құрылыс компаниясына қайта сатыпты.
"Жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация арқылы заңсыз беруде. Оны инвестициялық жоба ретінде ресімдейді. Алайда инвестициялық жоба ретінде жаңа өндіріс орындары саналады. Яғни тұрғын үй кешені құрылысы инвестициялық жоба анықтамасына жатпайды. Бұл дегеніңіз – Жер кодексінің 48-бабын бұзу. Құрылысты тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар. Соған қарамастан нысан құрылысы жалғасып жатыр. Пәтерлер еркін сатылымда. Жергілікті биліктің сот шешімін орындауға күші жетпейтін секілді", – деді Бақытжан Базарбек.
Еске сала кетейік, бұған дейін партиялықтар Дендропарк аумағындағы 0,4 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтаруға атсалысты.