https://sputnik.kz/20240511/-batys-qazaqstan-oblysynyn-tort-iri-su-qoymasy-93-ke-toldy-44204065.html
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 93%-ке толды
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 93%-ке толды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 93%-ға толды. Барлығы да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының... 11.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-11T09:48+0500
2024-05-11T09:48+0500
2024-05-11T09:48+0500
су тасқыны
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695749_13:0:1268:706_1920x0_80_0_0_6f7fd098287416cbbbd81fe00ec187a0.jpg
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 93%-ға толды. Барлығы да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 768 см, ол бір тәулікте 6 см төмендеді.Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,32 млн текше метр су жіберіледі.Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1088 см. Ол бір тәулікте 8 см-ге төмендеді.Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 84,6%.Абай облысында Шүлбі су қоймасы 53,2%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді. 10 сәуірде басталған Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзеніне су өткізу барысында 6,7 млрд текше метр су жіберілді.Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі өтті.Су қоймаларында "Қазсушар" мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларында жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695749_170:0:1111:706_1920x0_80_0_0_0e903e07e42f78e3830b6c4d090c2a4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, батыс қазақстан облысы
су тасқыны, батыс қазақстан облысы
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 93%-ға толды. Барлығы да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.
Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 768 см, ол бір тәулікте 6 см төмендеді.
Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,32 млн текше метр су жіберіледі.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.
Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1088 см. Ол бір тәулікте 8 см-ге төмендеді.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 84,6%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 53,2%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді. 10 сәуірде басталған Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзеніне су өткізу барысында 6,7 млрд текше метр су жіберілді.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
Су қоймаларында "Қазсушар" мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларында жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.