https://sputnik.kz/20240510/shara-qoldanamyz-premer-ministr-akimder-men-monopolisterge-qatan-talap-qoydy-44183786.html
"Шара қолданамыз": премьер-министр әкімдер мен монополистерге қатаң талап қойды
"Шара қолданамыз": премьер-министр әкімдер мен монополистерге қатаң талап қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов ЖЭО жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмаса, меншік иелері мен әкімдіктерге шара қолданылатынын... 10.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-10T12:10+0500
2024-05-10T12:10+0500
2024-05-10T12:10+0500
олжас бектенов
әкім
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e8/04/09/43547378_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_fc019a060d0cad69ee43478d069543ab.jpg
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов ЖЭО жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмаса, меншік иелері мен әкімдіктерге шара қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Алдымен апатты жағдайда тұрған 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтау қажет. Энергетика министрлігі әрбір нысан бойынша премьер-министрге апта сайын баяндап отыруы тиіс. Бекітілген мерзімдерді өзгертуге болмайды.Премьер-министр қазандықтарды жөндеуге бөлінген қыруар қаражатты қалай жұмсалып жатқанын жеке өзі қадағалп отыратынын да ескертті."Өткен аптада мен Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздерін жаңғыртуға резервтен 16 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойдым. Сондай-ақ Көкшетаудағы жылу қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге бөлінді. Қаржы бірінші кезекте әбден тозығы жеткен объектілер мен желілерді жөндеуге жұмсалуы тиіс", - деп атап көрсетті премеьр-министр.Оның айтуынша, Маңғыстау облысында МАЭК-тің 2-ші Жылу орталығындағы қазандықты жөндеу жұмыстары 8-қаңтардан бері әлі күнге дейін басталған жоқ. Ұлытау облысы да Жезқазған жылу электр орталығының қазандығын жөндеуге кіріскен жоқ."Әкімдер, сіздерге айтарым: жылыту маусымы бойынша штаб жұмыстарына атүсті қарауды доғарыңыздар. Объектілерге өздеріңіз шығып, жөндеу жұмыстарының барысын тікелей бақылауға алу керек", - дейді Бектенов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/09/43547378_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_f8e4bd063efd67a1e7051da303a3cdc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов, әкім, жылу электр орталығы
олжас бектенов, әкім, жылу электр орталығы
"Шара қолданамыз": премьер-министр әкімдер мен монополистерге қатаң талап қойды
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов ЖЭО жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмаса, меншік иелері мен әкімдіктерге шара қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Алдымен апатты жағдайда тұрған 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтау қажет. Энергетика министрлігі әрбір нысан бойынша премьер-министрге апта сайын баяндап отыруы тиіс. Бекітілген мерзімдерді өзгертуге болмайды.
"Қыс бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болған Кентау мен Степногорскідегі және МАЭК пен "Топар" ГРЭС-індегі сияқты күрделі жағдайға жеткізбеу қажет. Жаз айларында күшейтілген режимде жұмыс істеу керек. Егер жұмыстар мерзімінде аяқталмай, сапасы төмендеп кететін болса, онда меншік иелерімен қатар, әкімдіктерге қатысты да шаралар қабылданатын болады", — деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Премьер-министр қазандықтарды жөндеуге бөлінген қыруар қаражатты қалай жұмсалып жатқанын жеке өзі қадағалп отыратынын да ескертті.
"Өткен аптада мен Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздерін жаңғыртуға резервтен 16 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойдым. Сондай-ақ Көкшетаудағы жылу қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге бөлінді. Қаржы бірінші кезекте әбден тозығы жеткен объектілер мен желілерді жөндеуге жұмсалуы тиіс", - деп атап көрсетті премеьр-министр.
Оның айтуынша, Маңғыстау облысында МАЭК-тің 2-ші Жылу орталығындағы қазандықты жөндеу жұмыстары 8-қаңтардан бері әлі күнге дейін басталған жоқ. Ұлытау облысы да Жезқазған жылу электр орталығының қазандығын жөндеуге кіріскен жоқ.
"Әкімдер, сіздерге айтарым: жылыту маусымы бойынша штаб жұмыстарына атүсті қарауды доғарыңыздар. Объектілерге өздеріңіз шығып, жөндеу жұмыстарының барысын тікелей бақылауға алу керек", - дейді Бектенов.