https://sputnik.kz/20240510/qostanay-oblysynyn-akimi-onirde-qansha-uy-zhondeuge-zharamsyz-bolyp-qalganyn-aytty-44193812.html
Қостанай облысының әкімі өңірде қанша үй жөндеуге жарамсыз болып қалғанын айтты
Қостанай облысының әкімі өңірде қанша үй жөндеуге жарамсыз болып қалғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Қостанай мен Арқалық қалаларында зардап шеккен тұрғындар үшін 101 пәтер сатып алынды 10.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-10T21:35+0500
2024-05-10T21:35+0500
2024-05-10T21:35+0500
су тасқыны
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/01/29935892_0:52:1024:628_1920x0_80_0_0_fb2e94887f6426310b8eb2377d3c1de0.jpg
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында су тасқынынан зақымданған үйлердің 95%-ы тексерілді, олардың 796-сы жөндеуді қажет етеді және 473-ін қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл туралы өңір әкімі Құмар Ақсақалов премьер-министр Олжас Бектеновке баяндады.Алгоритмге сәйкес, қалпына келтіруге жарамайтын үйлердің иелеріне баспана сатып алынады немесе көппәтерлі және жеке тұрғын үйлер салынады.Сондай-ақ, оның айтуыгша, Арқалық қаласында "Базис А" ЖШС-ның қаржыландыруымен 50 пәтерлі тұрғын үй салынуда.Жангелдин және Амангелді аудандарында "Қазақстан халқына" қорының қаражаты есебінен 68 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды."Қостанай қаласында, Қостанай және Қарасу аудандарында демеушілік қаражат есебінен 36 үй салу жоспарланып отыр. Қалған 218 зардап шеккен отбасыға тұрғын үй сатып алу арқылы шығынды өтеу көзделген", - деп толықтырды облыс әкімі.Сондай-ақ Құмар Ақсақалов 2 020 бас мал шығыны үшін келтірілген залалды өтеуге 855 млн теңгеден астам төлем жасалғаны туралы баяндады.Премьер-министр қысқа мерзім ішінде қалған үйлерді тексеру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/01/29935892_59:0:966:680_1920x0_80_0_0_ee8cb33f5724e47216c4ec950072213b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, қостанай облысы
су тасқыны, қостанай облысы
Қостанай облысының әкімі өңірде қанша үй жөндеуге жарамсыз болып қалғанын айтты
Қостанай мен Арқалық қалаларында зардап шеккен тұрғындар үшін 101 пәтер сатып алынды
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында су тасқынынан зақымданған үйлердің 95%-ы тексерілді, олардың 796-сы жөндеуді қажет етеді және 473-ін қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл туралы өңір әкімі Құмар Ақсақалов премьер-министр Олжас Бектеновке баяндады.
Алгоритмге сәйкес, қалпына келтіруге жарамайтын үйлердің иелеріне баспана сатып алынады немесе көппәтерлі және жеке тұрғын үйлер салынады.
"Бүгінде үкімет резерві мен демеушілік қаражат есебінен Қостанай мен Арқалық қалаларында зардап шеккен тұрғындар үшін 101 пәтер сатып алынды", - деді Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ, оның айтуыгша, Арқалық қаласында "Базис А" ЖШС-ның қаржыландыруымен 50 пәтерлі тұрғын үй салынуда.
Жангелдин және Амангелді аудандарында "Қазақстан халқына" қорының қаражаты есебінен 68 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды.
"Қостанай қаласында, Қостанай және Қарасу аудандарында демеушілік қаражат есебінен 36 үй салу жоспарланып отыр. Қалған 218 зардап шеккен отбасыға тұрғын үй сатып алу арқылы шығынды өтеу көзделген", - деп толықтырды облыс әкімі.
Сондай-ақ Құмар Ақсақалов 2 020 бас мал шығыны үшін келтірілген залалды өтеуге 855 млн теңгеден астам төлем жасалғаны туралы баяндады.
Премьер-министр қысқа мерзім ішінде қалған үйлерді тексеру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.