https://sputnik.kz/20240510/qazaqstanda-birneshe-mamandyq-boyynsha-grant-sany-artady-44183691.html
Қазақстанда бірнеше мамандық бойынша грант саны артады
Қазақстанда бірнеше мамандық бойынша грант саны артады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов жылу және электр энергетикасы саласында маман тапшылығы мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды... 10.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-10T11:42+0500
2024-05-10T11:42+0500
2024-05-10T11:42+0500
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e5/03/03/16436807_0:79:3073:1807_1920x0_80_0_0_803dc67ae9652891f16fc4f9c4124e35.jpg
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов жылу және электр энергетикасы саласында маман тапшылығы мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Еңбек, ғылым және оқу-ағарту министрліктері алдымен еңбек нарығының ағымдағы жағдайына толық талдау жасап шығуға міндетті. Осы саладағы маман тапшылығын шешу үшін гранттардың санын да арттыруға рұқсат берілді.Премьер-министр жылыту маусымына дайындық бойынша барлық іс-шаралар жоспарын 15-мамырға дейін бекітуді де тапсырды. Орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде 15-қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде 15-қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жаңа жылыту маусымына толық дайын болуы тиіс.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/03/16436807_153:0:2884:2048_1920x0_80_0_0_988d4caed774777976b838e536ea40b5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет
Қазақстанда бірнеше мамандық бойынша грант саны артады
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов жылу және электр энергетикасы саласында маман тапшылығы мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Еңбек, ғылым және оқу-ағарту министрліктері алдымен еңбек нарығының ағымдағы жағдайына толық талдау жасап шығуға міндетті. Осы саладағы маман тапшылығын шешу үшін гранттардың санын да арттыруға рұқсат берілді.
"Оқу орындары жоғары білікті инженерлерді, энергетиктерді, гидротехниктерді, энергоаудиторларды, электриктерді және басқа да мамандарды даярлап шығаруға тиіс. Сондай-ақ аға буын кадрлардың білімі мен тәлім-тәжірибесін жастарға беру мәселесін қамтамасыз ету керек. Еліміздің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйелердің тұрақты жұмысы осыған байланысты", — деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Премьер-министр жылыту маусымына дайындық бойынша барлық іс-шаралар жоспарын 15-мамырға дейін бекітуді де тапсырды. Орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде 15-қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде 15-қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жаңа жылыту маусымына толық дайын болуы тиіс.