https://sputnik.kz/20240510/atyrau-astrakhan-avtozholynyn-qurylysy-zhyl-sonyna-deyin-ayaqtalady-44201384.html
"Атырау-Астрахань" автожолының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
"Атырау-Астрахань" автожолының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі күні 60 шақырым жол аяқталып, қолданысқа берілді 10.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-10T22:12+0500
2024-05-10T22:12+0500
2024-05-10T22:12+0500
жол
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0a/44198997_0:103:1280:823_1920x0_80_0_0_464189e2defe4416506a63f70d065333.jpg
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Республикалық маңызы бар "Атырау-Астрахань" автожолының құрылысы 2024 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".Ресей Федерациясымен шекарада жолдың 616 шақырымынан 833 шақырымына дейінгі учаскеде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.Биыл су тасқынына қарамастан, мердігер компаниялар ауа райының қолайлығына байланысты құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті.Қазіргі уақытта жобаға 400-ге жуық арнайы жөндеу-құрылыс техникасы мен 650 аса жұмысшылар жұмылдырылды.Былтыр 616-833 шақырым аралығындағы учаскеде ұзындығы 210 шақырым болатын көлемі 3,7 млн. м3 жол төсемінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ 187,5 шақырым аралықта негізгі қабат және 187 шақырымда ірі асфальтобетон тастардан төменгі қабаты төселді.Осылайша, 187 шақырым аралықта қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс үшін жаңа асфальтобетон жол төселді.2024 жылдың басынан бері 22 мың тоннадан астам асфальтобетон төселіп, ол 9 шақырым жолды құрады.Бұрын бұл учаске арқылы жол жүру ұзақтығы 5 сағат болса, қазір бүкіл жолды 2 сағаттың ішінде жүріп өтуге болады.2024 жылдың соңына дейін жоба жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.Жоба халықаралық стандарттарға сәйкес болу үшін жергілікті компаниялармен қатар, Италия, Түркия және Әзербайжан елдерінің компаниялары да тартылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0a/44198997_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_08302a86c1d5eb7496a4aee555d34c43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол
"Атырау-Астрахань" автожолының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
Бүгінгі күні 60 шақырым жол аяқталып, қолданысқа берілді
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Республикалық маңызы бар "Атырау-Астрахань" автожолының құрылысы 2024 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Ресей Федерациясымен шекарада жолдың 616 шақырымынан 833 шақырымына дейінгі учаскеде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Бұл учаскедегі жұмыстар 2018 жылы басталды. Бүгінгі күні 60 шақырым жол аяқталып, қолданысқа берілді. Қазіргі таңда қалған 217 шақырым жолда қайта жаңарту (616 шақырымнан 833 шақырымға дейін) жұмыстары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Биыл су тасқынына қарамастан, мердігер компаниялар ауа райының қолайлығына байланысты құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті.
Қазіргі уақытта жобаға 400-ге жуық арнайы жөндеу-құрылыс техникасы мен 650 аса жұмысшылар жұмылдырылды.
Былтыр 616-833 шақырым аралығындағы учаскеде ұзындығы 210 шақырым болатын көлемі 3,7 млн. м3 жол төсемінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ 187,5 шақырым аралықта негізгі қабат және 187 шақырымда ірі асфальтобетон тастардан төменгі қабаты төселді.
Осылайша, 187 шақырым аралықта қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс үшін жаңа асфальтобетон жол төселді.
2024 жылдың басынан бері 22 мың тоннадан астам асфальтобетон төселіп, ол 9 шақырым жолды құрады.
"Бұл аймақта инертті материалдардың тапшылығына байланысты жобадағы қайта жаңару жұмыстары ұзақ уақытқа созылуда. Жолды соғуға қажетті қиыршық тастар құрылыс нысанына 1000 шақырымнан астам жерде орналасқан Мұғалжар және Біршоғыр стансаларынан теміржол арқылы жеткізіледі", - деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол".
Бұрын бұл учаске арқылы жол жүру ұзақтығы 5 сағат болса, қазір бүкіл жолды 2 сағаттың ішінде жүріп өтуге болады.
2024 жылдың соңына дейін жоба жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
Жоба халықаралық стандарттарға сәйкес болу үшін жергілікті компаниялармен қатар, Италия, Түркия және Әзербайжан елдерінің компаниялары да тартылған.