Алматыда Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің келіссөзі басталды

© Sputnik/Ертай СарбасовДом Дружбы
Дом Дружбы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2024
Жазылу
Соңғы кездесуден бері Армения мен Әзербайжан бейбіт келісім жобасы мен келіссөз процесінің жекелеген аспектілері бойынша тараптардың ұстанымдарын көрсететін құжаттарға түсініктемелер алмасты
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Бүгін Алматыда Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян арасында келіссөз басталды.
Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов өз сөзінде Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру процесіне арналған кездесулердің бейбіт келісімді дайындау процесінің маңызды элементі екенін айтты. Өткен жолы делегациялар Берлинде кездесті.
"2024 жылдың 19 сәуірінде Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы Армения-Әзербайжан мемлекеттік шекарасының учаскесін делимитациялау процесінің бастауы болған хаттамаға қол қою фактісі де маңызды элемент, маңызды кезең болып саналады", - деді Джейхун Байрамов.
Ол сараптамалық топтардың жұмыс істеп жатқанын, мемлекеттік шекараның тиісті учаскелерінде де минадан тазарту жұмыстары бірлесіп жүргізілгенін, географиялық координаттар нақтыланғанын, бұл аумақта шекара бағаналарын орнату жұмыстары аяқталуға жақын екенін айтты.
Джейхун Байрамов Әзербайжан тарапының бүгінгі кездесуге үлкен мән беретінін баса айтты.
© Sputnik/Ертай СарбасовДжейхун Байрамов
Дом Дружбы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2024
Джейхун Байрамов
"Біз бұл процеске үлкен көңіл бөлеміз және жұмысты жалғастыруға дайынбыз. Алматыдағы келіссөздер өте пайдалы болады деп ойлаймын. Әлі де шешілмеген мәселелер бойынша алдағы екі күнде жемісті келіссөз жүргіземіз деп үміттенемін", - деп түйіндеді ол.
Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян екіжақты кездесудің 1991 жылы әйгілі Алматы декларациясына қол қойылған ғимаратта өтіп жатқанын жақсы белгі деп атады.
© Sputnik/Ертай СарбасовАрарат Мирзоян
Дом Дружбы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2024
Арарат Мирзоян
Осы құжатқа қол қою арқылы бұрынғы кеңестік 11 республиканың басшылары олардың арасындағы бұрынғы әкімшілік шекаралар енді тәуелсіз мемлекеттердің шекарасы ретінде танылғанын мойындады, деп еске салды ол.
"Соңғы екі жылда Арменияның премьер-министрі де, Әзербайжан президенті де Алматы декларациясына адал екендерін бірнеше рет растағанын атап өту маңызды", - деді Мирзоян.
Ол екі мемлекет арасындағы делимитация процесі осы құжат негізінде жүруі керек екенін айтты.
"Армения бейбітшілікке, бейбіт келісімге келуді бағыт деп таниды", - деді ол.
Министр келіссөз процесінен бөлек тағы қандай шараларды қабылдауға болатынын айтты.
"Сонымен қатар біз бейбітшілік шартына қол қоюмен шектеліп қалмауымыз керек деп ойлаймыз. Біз одан да әрі ілгерілей аламыз: барлық көлік инфрақұрылымы аумағы арқылы өтетін елдердің иелігінде қалатынын түсініп, аймақтағы барлық көлік коммуникациясын аша аламыз", - деп түйіндеді Арарат Мирзоян.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Армения басшыларымен кездесіп, республика алаңында бейбіт келіссөздер жүргізуді ұсынған.
Жаңалықтар
0