Жайықта су деңгейі көтерілді: қыстау тұрғындары эвакуацияланады

© Photo : Оперштаб Атырауской областиРека Урал (Жайык) в Атырауской области
Река Урал (Жайык) в Атырауской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2024
Жазылу
Лесхоз қыстауында барлығы 7 үйде 30 адам тұрады
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Жайық өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты Лесхоз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
9 мамырда Махамбет ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының шешімімен Жайық өзенінің жайылмалы аймағында орналасқан Лесхоз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау жоспарланған.
"Барлығы 7 үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланады. Олар үшін Д. Туленов атындағы орта мектепте орналасқан эвакопункт дайындалды", - делінген жедел штаб хабарламасында.
Штабтың мәліметінше, қазіргі уақытта қауіпсіз орындарға жергілікті тұрғындардың 310 мал басы көшірілді,.
Айта кетейік, Лесхоз қыстауы Махамбет ауылдық округіне қарайды. Онда барлығы 25 үй бар, олардың тек 7-еуі – тұрғын үй. Тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады, олардың көпшілігі – Махамбет ауылының жергілікті тұрғындары.
Қазіргі уақытта тұрғындар эвакуациялауға дайын. Жағдай төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың ба
Жаңалықтар
0