Тәжікстан билігі Қазақстанға баратын азаматтарына үндеу жасады

© Sputnik / Ксения ВоронинаАстана әуежайы
Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2024
Жазылу
Оларға Қазақстан әуежайларында тексеру жүргізу ықтималдылығы туралы ескертілді
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанға сапарға шығуды жоспарлап отырған азаматтарына үндеу жасады.
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанның халықаралық әуежайларында күшейтілген қауіпсіздік шараларына байланысты Тәжікстан азаматтары ұшып кетер алдында өздерімен бірге барлық құжатын алып жүруі керек.
"Қазақстанға келген кезде шекаралық және кедендік бақылау кезінде тексерулер жүргізілген жағдайда, Тәжікстан азаматтары сапар мақсаты мен ұзақтығы, тұрғылықты жері, достарының немесе туыстарының Қазақстанда бар-жоғына байланысты сұрақтарға жауап беруге және Қазақстандағы туыс-жақындарының тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондарын беруге дайын болуы керек", - деді министрлік.
Қиындық туындаған жағдайда Тәжікстан азаматтары Тәжікстанның Қазақстандағы елшілігіне +7 776 176 00 43 немесе елдің Алматыдағы Бас консулдығына +7 777 588 31 15 телефоны арқылы хабарласуы керек.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ Тәжікстан азаматтарын Ресейдегі шекара қызметінде тексеру мен тінту күшейтілгенін хабарлады. Осыған байланысты Ресей СІМ Қазақстанмен шекарада қалып қойған тәжікстандықтарға қатысты түсінік берді.
Ведомствоның ресми өкілі Мария Захарова шетелдіктердің Ресей мен Қазақстан шекарасын кесіп өту кезіндегі қиындықтар Crocus City Hall-да болған терактіден кейін лаңкестік қауіп-қатердің сақталуына байланысты екенін хабарлады.
"Осыған байланысты мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде, соның ішінде бірқатар әуежайда паспорттық бақылау кезінде кешігу болып жатыр, ресейлік тарап осы жағдайды тезірек шешу үшін жан-жақты шаралар қабылдауда", - деп жазылған сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған Захарова түсініктемесінде.
Жаңалықтар
0