Ресей Батыспен диалогтан бас тартпайды – Путин

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуИнаугурация президента РФ Владимира Путина
Инаугурация президента РФ Владимира Путина - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2024
Жазылу
Ресей президенті инаугурация рәсімі кезінде елдің барлық азаматына алғыс айтты
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Президент Путин ант қабылдағаннан кейін Кремльде баяндама жасады.
Ол президенттік қызмет үлкен абырой, жауапкершілік және қасиетті парыз екенін баса айтты. Владимир Путин оның өткен жылдардағы жұмысының мәні мен мазмұнын осы болғанын мәлімдеді және болашақта Ресей халқының мүддесі мен қауіпсіздігі бәрінен де жоғары болатынына уәде берді.
Сонымен қатар Владимир Путин әскерилерге алғысын білдірді.
"Мен батырларымызға, арнайы әскери операцияға қатысушыларға, Отан үшін соғысып жатқан баршаның алдында бас иемін", - деді ол.
Путин Ресей халқы осынау қиын, маңызды кезеңнен абыроймен өтіп, бұдан да нығайып, даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ұзақ мерзімді жоспарлар мен ауқымды жобаларды міндетті түрде жүзеге асыратынына сенімділік білдірді.
"Біз Ресейді сенімді және адал серіктес ретінде көретін барлық елмен жақсы қарым-қатынастарды нығайтуға дайынбыз және ашықпыз", - деді Путин.
Ол Ресей Батыс мемлекеттерімен диалогтан бас тартпайтынын да айтып, мұндай диалог үстемдіксіз, тең дәрежеде жүргізілуі керектігін айтты.
"Ресей сенімді түрде алға қарайды, болашағын жоспарлайды, өз дамуын одан да серпінді, одан да күшті ету үшін жаңа жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады. Біз біртұтас халықпыз және бірге барлық кедергіні жеңеміз, бірге барлық жоспарды жүзеге асырамыз!". – деп түйіндеді президент.
Владимир Путин   - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2024
Путин ресми түрде Ресей Федерациясының президенті қызметіне кірісті
Жаңалықтар
0