https://sputnik.kz/20240507/qazaqstannan-qant-eksporttauga-tyyym-salynady-44123987.html
Қазақстаннан қант экспорттауға тыйым салынады
Қазақстаннан қант экспорттауға тыйым салынады
Sputnik Қазақстан
Тыйым жаз соңына дейін, елде қант қызылшасының жаңа өнімі піскенше күшінде болады 07.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-07T10:39+0500
2024-05-07T10:39+0500
2024-05-07T12:36+0500
қант
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1e/25174231_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_efe5c8daa0795dc5afcff2a98f907876.jpg
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстаннан үшінші елдерге, ЕАЭО-ға қатысушы елдерге қант экспортына 2024 жылдың 31 тамызына дейін уақытша тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады үкімет.Бұл алдағы жазғы маусымда қазақстандықтардың қантқа деген сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.6 мамырда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста қант қызылшасының жаңа өнімі жиналғанға дейін ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.Қазiргi уақытта қоймалардағы қант қорының және Қазақстанға импорт көлемiнiң теңгерiмi шамамен 256 мың тонна, бұл елдiң жылдық қажеттiлiгiнiң жартысы (500-550 мың тонна).Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда 2024 жылдың соңына дейін өңдеуге арналған 300 мың тонна шикі құрақты бажсыз әкелуге квота бар."Орта есеппен айлық тұтыну жазда 46 мың тонна, сұраныс 60 мың тоннаға жетеді. Қолданыстағы қант қоры жаңа өнімге дейін қантқа деген сұранысты өтеуге жеткілікті", - деп түйіндеді вице-министр.Жақын арада қазақстандық тарап ресейлік әріптестерімен қант жеткізу квотасын жыл соңына дейін тағы да 100 мың тоннаға ұлғайту бойынша келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1e/25174231_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_bb9cbfc2b9fad385904aeba32de720cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант, еаэо
Қазақстаннан қант экспорттауға тыйым салынады
10:39 07.05.2024 (жаңартылды: 12:36 07.05.2024) Тыйым жаз соңына дейін, елде қант қызылшасының жаңа өнімі піскенше күшінде болады
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстаннан үшінші елдерге, ЕАЭО-ға қатысушы елдерге қант экспортына 2024 жылдың 31 тамызына дейін уақытша тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады үкімет.
Бұл алдағы жазғы маусымда қазақстандықтардың қантқа деген сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
6 мамырда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста қант қызылшасының жаңа өнімі жиналғанға дейін ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Қазiргi уақытта қоймалардағы қант қорының және Қазақстанға импорт көлемiнiң теңгерiмi шамамен 256 мың тонна, бұл елдiң жылдық қажеттiлiгiнiң жартысы (500-550 мың тонна).
"Бүгінде қоймалардағы қант пен шикі құрақ қоры 136 мың тонна. 2024 жылдың 31 тамызына дейін квотамен ресейлік қанттың 120 мың тонна көлеміндегі импортын қосқанда, бұл шамамен 256 мың тоннаға дейін жетеді", — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда 2024 жылдың соңына дейін өңдеуге арналған 300 мың тонна шикі құрақты бажсыз әкелуге квота бар.
"Орта есеппен айлық тұтыну жазда 46 мың тонна, сұраныс 60 мың тоннаға жетеді. Қолданыстағы қант қоры жаңа өнімге дейін қантқа деген сұранысты өтеуге жеткілікті", - деп түйіндеді вице-министр.
Жақын арада қазақстандық тарап ресейлік әріптестерімен қант жеткізу квотасын жыл соңына дейін тағы да 100 мың тоннаға ұлғайту бойынша келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.