https://sputnik.kz/20240507/qazaqstandyqtar-otan-qorgaushy-kunin-atap-otip-zhatyr-43878832.html
Қазақстандықтар Отан қорғаушы күнін атап өтіп жатыр
Қазақстандықтар Отан қорғаушы күнін атап өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру 2024 жылы да өтпейді.
2024-05-07T09:00+0500
2024-05-07T09:00+0500
2024-05-07T09:00+0500
қоғам
отан қорғаушы күні
мамыр
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/05/28202161_0:0:3601:2026_1920x0_80_0_0_44833788c2849f1870ef0c8627aba71a.jpg
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Бүгін Қазақстанның Қарулы күштеріне 32 жыл толды. Республика халқы Отан қорғаушы күнін мерекелеп жатыр.Қарулы күштер туралы не білемізТәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері президент жарлығымен 1992 жылы 7 мамырда құрылды. Ал мемлекеттік мереке мәртебесіне бұл дата 2012 жылы ғана ие болды.Қазақстанның Қарулы күштерінің құрамына құрлықтағы әскер, әуе қорғанысы күштері және әскери-теңіз күштері кіреді.Құрлық әскерлеріҚазақстанның Құрлық әскерлері 1993 жылы 21 сәуірде бұрынғы Орта Азия әскери округінің 40-шы жалпы әскери армиясының негізінде құрылды. Қазіргі уақытта Құрлық әскерлерінің құрамына төрт өңірлік қолбасшылық пен десанттық-шабуылдау әскерлері кіреді.Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары:Бұл әскер түрінің негізгі міндеттері – агрессияға тойтарыс беру үшін әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қолдау, Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарумен қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, құрлықта мемлекеттік шекараны қорғау, сондай-ақ бітімгершілік міндеттерді орындау.Әуе қорғанысы күштеріӘуе қорғанысы күштері 1998 жылы құрылған. Негізгі міндеттері – Қазақстанның әуе шебін қорғау, маңызды мемлекеттік және әскери объектілердің әуе шабуылына қарсы қорғанысын қамтамасыз ету.Әскери-әуе күштерінің авиациялық паркінде майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының соңғы үлгідегі ұшу аппараттары, ұшқышсыз басқарылатын авиация жүйелері бар.Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрамына зениттік зымыран кешендерімен және радиолокациялық станциялармен жарақтандырылған зениттік зымыран және радиотехникалық әскерлер кіреді.Әскери-теңіз күштеріӘскери-теңіз күштері президент жарлығымен 1993 жылғы 2 сәуірде құрылды. Ал Қарулы күштердің дербес түрі болып түпкілікті 2003 жылғы 7 мамырда қалыптасты.Әскери-теңіз күштері мемлекеттік шекараны қорғау, Ақтау, Баутино, Құрық порттары сияқты стратегиялық объектілерді, жасанды аралдарды, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы құбырлар мен кен орындарын қорғау бойынша міндеттерді орындайды.Айта кетері, Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы – ел президенті.Әскери парад өтпейдіОтан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру 2024 жылы да өтпейді. Бұл туралы бұған дейін Қазақстанның қорғаныс министрлігі хабарлады.Десе де жыл сайын мемлекет басшысы мереке қарсаңында әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттайды.Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет әскери парад 2018 жылы ұйымдастырылған еді.Қазақстандықтар неше күн демаладыБиыл 7 мамыр сейсенбіге, ал 9 мамыр бейсенбіге түсіп тұр. Үкімет жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында демалыс күнін 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырды.Яғни, қазақстандықтар 4 мамырда жұмыс істеп, 7, 8 және 9 мамыр – үш күн қатарынан демалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/05/28202161_54:0:2785:2048_1920x0_80_0_0_76a435a75b4735f58db4b05e861542d1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отан қорғаушы күні 7 мамыр қарулы күштер
отан қорғаушы күні 7 мамыр қарулы күштер
Қазақстандықтар Отан қорғаушы күнін атап өтіп жатыр
Қазақстанның Қарулы күштері 7 мамырда құрылған
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Бүгін Қазақстанның Қарулы күштеріне 32 жыл толды. Республика халқы Отан қорғаушы күнін мерекелеп жатыр.
Қарулы күштер туралы не білеміз
Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері президент жарлығымен 1992 жылы 7 мамырда құрылды. Ал мемлекеттік мереке мәртебесіне бұл дата 2012 жылы ғана ие болды.
Қазақстанның Қарулы күштерінің құрамына құрлықтағы әскер, әуе қорғанысы күштері және әскери-теңіз күштері кіреді.
Қазақстанның Құрлық әскерлері 1993 жылы 21 сәуірде бұрынғы Орта Азия әскери округінің 40-шы жалпы әскери армиясының негізінде құрылды. Қазіргі уақытта Құрлық әскерлерінің құрамына төрт өңірлік қолбасшылық пен десанттық-шабуылдау әскерлері кіреді.
Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары:
"Астана" өңірлік қолбасшылығы;
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы;
"Батыс" өңірлік қолбасшылығы;
"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы.
Бұл әскер түрінің негізгі міндеттері – агрессияға тойтарыс беру үшін әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қолдау, Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарумен қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, құрлықта мемлекеттік шекараны қорғау, сондай-ақ бітімгершілік міндеттерді орындау.
Әуе қорғанысы күштері 1998 жылы құрылған. Негізгі міндеттері – Қазақстанның әуе шебін қорғау, маңызды мемлекеттік және әскери объектілердің әуе шабуылына қарсы қорғанысын қамтамасыз ету.
Әскери-әуе күштерінің авиациялық паркінде майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының соңғы үлгідегі ұшу аппараттары, ұшқышсыз басқарылатын авиация жүйелері бар.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрамына зениттік зымыран кешендерімен және радиолокациялық станциялармен жарақтандырылған зениттік зымыран және радиотехникалық әскерлер кіреді.
Әскери-теңіз күштері президент жарлығымен 1993 жылғы 2 сәуірде құрылды. Ал Қарулы күштердің дербес түрі болып түпкілікті 2003 жылғы 7 мамырда қалыптасты.
Әскери-теңіз күштері мемлекеттік шекараны қорғау, Ақтау, Баутино, Құрық порттары сияқты стратегиялық объектілерді, жасанды аралдарды, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы құбырлар мен кен орындарын қорғау бойынша міндеттерді орындайды.
Айта кетері, Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы – ел президенті.
Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру 2024 жылы да өтпейді. Бұл туралы бұған дейін Қазақстанның қорғаныс министрлігі хабарлады.
Десе де жыл сайын мемлекет басшысы мереке қарсаңында әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттайды.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет әскери парад 2018 жылы ұйымдастырылған еді.
Қазақстандықтар неше күн демалады
Биыл 7 мамыр сейсенбіге, ал 9 мамыр бейсенбіге түсіп тұр. Үкімет жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында демалыс күнін 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырды.
Яғни, қазақстандықтар 4 мамырда жұмыс істеп, 7, 8 және 9 мамыр – үш күн қатарынан демалады.