Жаңа министрге ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Олжас Бектенов ұжымға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиеті таныстырды.
Олжас Бектенов жаңа министрге ведомство алдында тұрған маңызды міндеттерді белгіледі.
"Жаңа министрге жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану, ІТ-қызметтердің экспортын ұлғайту мақсатында табысты стартаптарды дайындау үшін қолайлы орта құру жұмысын жалғастыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды", - делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салсақ. бүгін президент жарлығымен Жаслан Мәдиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.
Жаңалықтар
0