Тоқаев арқаны кеңге салып, қамсыз отыруға болмайтынын айтты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАкорда. Виды зимой
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2024
Жазылу
Президент Қарулы күштерімізді одан әрі нығайту жұмыстары жалғасатынын жеткізді
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геоосаяси тұрақсыздық белең алған қазіргі жағдайда мықты әрі дайындығы сақадай сай әскердің маңызы айтарлықтай арта түскенін мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
"Біздің әскери қызметшілеріміз БҰҰ аясындағы түрлі бітімгерлік операцияларға қатысып, өздерінің кәсібилігі мен жоғары деңгейдегі жауынгерлік машығын көрсетіп келеді. Жуырда Қазақстан Голан жоталарындағы миссиясын дербес орындау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының мандатына алғаш рет ие болды", – деді президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсімінде.
Жоғары бас қолбасшысы соңғы жылдары әлем елдерінің әскери қуаты туралы рейтингтегі Қазақстанның орны едәуір жақсарғанын атап өтті.
"Бұл әскеріміздің дайындығы жоғары екенін әрі үйлесімді әрекет ететінін білдіреді. Қазақстан жер-жаһанға өзін бейбіт ел ретінде танытты. Біз барлық мемлекетпен достық қатынас орнаттық. Кез келген шиеленісті сындарлы диалог арқылы шешу керек деп есептейміз. Бірақ арқаны кеңге салып, қамсыз отыруға болмайды. Қуатты әскеріміз түрлі қатерге сақадай сай тұруға тиіс. Мықты әскер – елдіктің тірегі", – деп толықтырды президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның айбынды армиясы кәсіби тұрғыдан білікті әрі заманға сай озық болуы үшін Қарулы күштерімізді одан әрі нығайту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
"Күні кеше ғана елімізде жаңа авиация базасы ашылды. Бұл – ұлттық қорғаныс жүйесінің әлеуеті арта түсті деген сөз. Біз армияның беделін көтеруге айрықша мән береміз. Отан қорғау – баршамызға ортақ парыз. Мұны, әсіресе, өскелең ұрпақ терең түсінгені абзал, – деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, мемлекет жас сарбаздарға жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр. Оларға арнайы білім гранттары бөліне бастады.
"Несиені өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Енді армияда жүріп, нақты мамандық алуға болады. "Ер жігітке жарасар, қолындағы найзасы" деп әйгілі Бұқар жырау батырлық пен ерлікті ерекше дәріптеген. Шын мәнінде, әскер – мемлекеттің аса маңызды символы. Мен сарбаздарымыздың жауынгерлік рухы жоғары болғанын мақтан етемін", – деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии вручения государственных наград - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2024
Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр – Тоқаев
Жаңалықтар
0