https://sputnik.kz/20240506/burabayga-bargan-mektep-oqushysy-qaytys-boldy--oqiganyn-man-zhayy-44112056.html
Бурабайға барған мектеп оқушысы қайтыс болды – оқиғаның мән-жайы
Бурабайға барған мектеп оқушысы қайтыс болды – оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Астанадан Бурабайға барған мектеп оқушысы экскурсия кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Nayza Kokshe сілтеме... 06.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-06T17:03+0500
2024-05-06T17:03+0500
2024-05-06T19:46+0500
бурабай
оқушы
https://sputnik.kz/img/1427/52/14275210_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_f455770e588cd8cecaa8d873d8d022ab.jpg
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Астанадан Бурабайға барған мектеп оқушысы экскурсия кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Nayza Kokshe сілтеме жасап.Мәліметке сәйкес, 5 мамырда 18 оқушы Астанадан Бурабайға экскурсияға келген. Оқушылар жалдамалы велосипед алып, серуенге шыққан. "Ракушка" деген тастың жанында жасөспірімдердің біреуі рөлге ие бола алмай, қатты жылдамдықпен ағашқа соғылады. 16 жастағы бала оқиға орнында қайтыс болды.Ақмола облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Қайтыс болған бала Астанадағы BINOM мектебінде 10-шы сыныпта оқыған. Бурабайға оқушылармен бірге сынып жетекшісі де барған. Педагог жедел жәрдем мен полицияны да шақырды. Бірақ мектеп оқушысы қайтыс болды. Бурабайдағы экскурсияны ата-аналар комитеті ұйымдастырған.
бурабай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1427/52/14275210_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_ea689eef74caed8aeed29080e44d6fdc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бурабай, оқушы
Бурабайға барған мектеп оқушысы қайтыс болды – оқиғаның мән-жайы
17:03 06.05.2024 (жаңартылды: 19:46 06.05.2024) АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Астанадан Бурабайға барған мектеп оқушысы экскурсия кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Nayza Kokshe сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, 5 мамырда 18 оқушы Астанадан Бурабайға экскурсияға келген. Оқушылар жалдамалы велосипед алып, серуенге шыққан. "Ракушка" деген тастың жанында жасөспірімдердің біреуі рөлге ие бола алмай, қатты жылдамдықпен ағашқа соғылады. 16 жастағы бала оқиға орнында қайтыс болды.
Ақмола облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, кәмелет жасқа толмаған бала велосипедті жалға алып, ағашқа соғылған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу шаралары жүріп жатыр", - дейді полицейлер.
Қайтыс болған бала Астанадағы BINOM мектебінде 10-шы сыныпта оқыған. Бурабайға оқушылармен бірге сынып жетекшісі де барған. Педагог жедел жәрдем мен полицияны да шақырды. Бірақ мектеп оқушысы қайтыс болды. Бурабайдағы экскурсияны ата-аналар комитеті ұйымдастырған.