https://sputnik.kz/20240506/aqsh-azamaty-qazaqstannan-ata-anasynyn-80-zhyl-buryngy-quzhattaryn-tapty-44104302.html
АҚШ азаматы Қазақстаннан ата-анасының 80 жыл бұрынғы құжаттарын тапты
АҚШ азаматы Қазақстаннан ата-анасының 80 жыл бұрынғы құжаттарын тапты
Sputnik Қазақстан
Джефф Шайнгольдтың әкесі Тереңөзек ауданында тұрған, 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған 06.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-06T14:03+0500
2024-05-06T14:03+0500
2024-05-06T14:03+0500
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/05/06/44104529_0:4:640:364_1920x0_80_0_0_25518f44ad3046136246c4c629b1be87.png
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысының полицейлері АҚШ азаматына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанда тұрған ата-анасының архивтегі құжаттарын табуға көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz.Америкалық Джефф Шайнгольд Қызылорда облысының полиция департаментіне әкесі туралы мәлімет сұрап жүгінді. Оның әкесі Тереңөзек ауданында тұрған (қазіргі Сырдария) және 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған, ұлты еврей.Полиция мұрағатында ұлының өтініші бойынша жан-жақты іздеу жұмыстары жүргізілді.Ер адам ата-анасы1942 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысы кезінде тұрғанын 2022 жылы білгенін атап өтті."Олар Польшадан нацистерден қашқан. Бізде сот хаттамасынан басқа мәліметтер болған жоқ. Іздеу нәтижесінде мұрағатта 80 жылға жуық сақталған құжаттар табылды. Олар менің ата-анам мен №6 ауылда жерленген ағама қатысты құжаттар. Полицейлердің арқасында біз олардың 1942 жылдан 1946 жылға дейін өмірлерінен біршама мағлұмат алдық", – дейді Джефф Шайнгольд.Қазақстанға келген шетелдік ерлі-зайыпты ата-анасы ғұмыр кешкен қазақ жеріне және ағасы жерленген зиратқа барып, тағзым етті.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/06/44104529_75:0:566:368_1920x0_80_0_0_60eb5a9f93d8bfddd694975c5447dce1.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы
АҚШ азаматы Қазақстаннан ата-анасының 80 жыл бұрынғы құжаттарын тапты
Джефф Шайнгольдтың әкесі Тереңөзек ауданында тұрған, 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысының полицейлері АҚШ азаматына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанда тұрған ата-анасының архивтегі құжаттарын табуға көмектесті, деп хабарлады
Polisia.kz. Америкалық Джефф Шайнгольд Қызылорда облысының полиция департаментіне әкесі туралы мәлімет сұрап жүгінді. Оның әкесі Тереңөзек ауданында тұрған (қазіргі Сырдария) және 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған, ұлты еврей.
Полиция мұрағатында ұлының өтініші бойынша жан-жақты іздеу жұмыстары жүргізілді.
Ер адам ата-анасы1942 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысы кезінде тұрғанын 2022 жылы білгенін атап өтті.
"Олар Польшадан нацистерден қашқан. Бізде сот хаттамасынан басқа мәліметтер болған жоқ. Іздеу нәтижесінде мұрағатта 80 жылға жуық сақталған құжаттар табылды. Олар менің ата-анам мен №6 ауылда жерленген ағама қатысты құжаттар. Полицейлердің арқасында біз олардың 1942 жылдан 1946 жылға дейін өмірлерінен біршама мағлұмат алдық", – дейді Джефф Шайнгольд.
Қазақстанға келген шетелдік ерлі-зайыпты ата-анасы ғұмыр кешкен қазақ жеріне және ағасы жерленген зиратқа барып, тағзым етті.