Су тасқыны: 50 мыңға жуық адам үйіне оралды

© AFP 2024 / EVGENIY LUKYANOVМасштабные паводки в Казахстане весной 2024 года
Масштабные паводки в Казахстане весной 2024 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 мамыр - Sputnik. Су тасқыны болған аймақтарда 49 819 адам өз үйіне оралды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан үйлерден су айдау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Өзендердегі су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.
"Республика бойынша 8 767 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан су бағыты бұрылып, сорылды. 49 819 адам үйіне оралды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы 14 078 адам және 1 348 техника, 290 су сорғыш және 70 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды", - деді брифингте министрлік өкілі.
Айта кетейік, су басқан аймақтарда баспанасы жарамсыз болып, малынан айырылған отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр.
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2024
Су тасқынынан зардап шеккен 53 отбасы жаңа баспана алды
Жаңалықтар
0