Су басқан Құлсары қаласында не болып жатыр

© Sputnik / Елена БережнаяАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2024
Жазылу
Жайық өзеніндегі су деңгейі төменген жоқ
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Атырау облысының Құлсары қаласында 100-ден астам жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Өткен аптада құтқарушылар 2 815 үйден су бұрып, сору жұмыстарын жүргізді.
Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар, олардың 430-ы балалар.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр.
Газ жабдығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2024
Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен үйлерге газ берілді
Жаңалықтар
0