https://sputnik.kz/20240505/euroodaqtyn-13-eli-astanada-otetin-koshpendiler-oyyndaryna-qatysuga-otinim-berdi-44097010.html
Еуроодақтың 13 елі Астанада өтетін көшпенділер ойындарына қатысуға өтінім берді
Еуроодақтың 13 елі Астанада өтетін көшпенділер ойындарына қатысуға өтінім берді
Sputnik Қазақстан
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 3000-ға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр 05.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-05T11:00+0500
2024-05-05T11:00+0500
2024-05-05T11:00+0500
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
https://sputnik.kz/img/709/08/7090871_0:46:3476:2001_1920x0_80_0_0_3eaba4d129131ac0b297da317b8e5491.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik.Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускаспен кездесті, деп хабарлады 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы.Еуроодақ делегациясына Қазақстанның туристік ғана емес, спорттық әлеуеті де таныстырылды.Ермек Маржықпаев Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 3000-ға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отырғанын айтты.5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұровтың мәліметінше ойындарға Еуроодақтан 13 ел қатысуға өтінім берді."Қазіргі уақытта Еуропалық одақтың 27 елінен 13 ел өтініш берді, олар: Болгария, Мажарстан, Германия, Италия, Латвия, Литва, Мальта, Нидерланды, Польша, Румыния, Словакия, Франция, Чехия. Болгариядан келген спортшылар Жамбы атудан жарысқа қатысады. Мәдиярлар, италиялықтар мен франциялықтар Дәстүрлі садақ атудан жарысады. Германия құрамасы Садақ атудан басқа Тоғызқұмалақтан да өздерін сынап көрмек", - деді ол.Дирекция Еуроодақтың тағы 14 елінен өтінім күтіп отыр. Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы ЕО-ның барлық елін бұдан хабардар ету үшін бар күш-жігерін салуға уәде берді.Айта кетері, қазіргі уақытта Қазақстан халқының 40,4%-ы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. 2023 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартылған балалар мен жасөспірімдердің үлесі 27,3%-ға (984 мың адам) жетті. Елімізде жыл сайын олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар өткізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/709/08/7090871_373:0:3104:2048_1920x0_80_0_0_29d64e175de9ea300cc81953105e40f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
Еуроодақтың 13 елі Астанада өтетін көшпенділер ойындарына қатысуға өтінім берді
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 3000-ға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik.Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускаспен кездесті, деп хабарлады 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы.
Еуроодақ делегациясына Қазақстанның туристік ғана емес, спорттық әлеуеті де таныстырылды.
Ермек Маржықпаев Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 3000-ға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отырғанын айтты.
"Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бұл еліміздің астанасында 100 мыңнан астам турист жинайтын ең ірі туристік іс-шара. Сізді ресми ашылу салтанатына қатысуға шақырамын. Еуропалық Одақ елдері осы ойындарға белсенді қатысады деп үміттенеміз", - деп атап өтті министр.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұровтың мәліметінше ойындарға Еуроодақтан 13 ел қатысуға өтінім берді.
"Қазіргі уақытта Еуропалық одақтың 27 елінен 13 ел өтініш берді, олар: Болгария, Мажарстан, Германия, Италия, Латвия, Литва, Мальта, Нидерланды, Польша, Румыния, Словакия, Франция, Чехия. Болгариядан келген спортшылар Жамбы атудан жарысқа қатысады. Мәдиярлар, италиялықтар мен франциялықтар Дәстүрлі садақ атудан жарысады. Германия құрамасы Садақ атудан басқа Тоғызқұмалақтан да өздерін сынап көрмек", - деді ол.
Дирекция Еуроодақтың тағы 14 елінен өтінім күтіп отыр. Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы ЕО-ның барлық елін бұдан хабардар ету үшін бар күш-жігерін салуға уәде берді.
Айта кетері, қазіргі уақытта Қазақстан халқының 40,4%-ы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. 2023 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартылған балалар мен жасөспірімдердің үлесі 27,3%-ға (984 мың адам) жетті. Елімізде жыл сайын олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар өткізіледі.