https://sputnik.kz/20240504/tekhnikalyq-tekseris-ushin-ayyppul-ush-esege-artady-44088413.html
Техникалық тексеріс үшін айыппұл үш есеге артады
Техникалық тексеріс үшін айыппұл үш есеге артады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда 950-қа жуық оператор көлікті техникалық тексеруден өткізу бойынша қызмет көрсетеді 04.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-04T12:15+0500
2024-05-04T12:15+0500
2024-05-04T12:15+0500
көлік
техникалық қарап-тексеру
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36202982_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_7a033c7243658944cfc669ce0313cca2.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанда жалған техникалық тексеріс үшін айыппұл үш есеге артады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан көлік министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Бүгінде заң жобасы дайын. Оған сәйкес, жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін арттыру жоспарланған. Ал осы құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталанса, техникалық тексеруден өткізетін оператор қызмет көрсету құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылады.Сондай-ақ заң жобасы аясында автокөлікті техникалық тексеруден өткізетін операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейту қарастырылған.Айта кетері, бүгінде Қазақстанда 950-қа жуық оператор көлікті техникалық тексеруден өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36202982_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_0b9d13ef69fb39df105cb09113132ef8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, техникалық қарап-тексеру
көлік, техникалық қарап-тексеру
Техникалық тексеріс үшін айыппұл үш есеге артады
Қазақстанда 950-қа жуық оператор көлікті техникалық тексеруден өткізу бойынша қызмет көрсетеді
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанда жалған техникалық тексеріс үшін айыппұл үш есеге артады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан көлік министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде заң жобасы дайын. Оған сәйкес, жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін арттыру жоспарланған. Ал осы құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталанса, техникалық тексеруден өткізетін оператор қызмет көрсету құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылады.
"Көлікті жалған техникалық тексеруден өткізудің салдары ақаулары бар көлік құралдарының жол қозғалысына жіберілуіне мүмкіндік беріп, кейін бұл жол-көлік оқиғаларына, оның ішінде соңы өлімге ұласатын оқыс оқиғалар деңгейінің өсуіне әкеп соғады. Ал салынатын айыппұл көлемі жасалған құқық бұзушылықтарға пропорционалды болуы тиіс және бұзушылықтардың одан әрі жасалуының алдын алуы керек", - дейді мамандар.
Сондай-ақ заң жобасы аясында автокөлікті техникалық тексеруден өткізетін операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейту қарастырылған.
Айта кетері, бүгінде Қазақстанда 950-қа жуық оператор көлікті техникалық тексеруден өткізу бойынша қызмет көрсетеді.