https://sputnik.kz/20240504/shymkentte-milliondagan-qarazhat-negizsiz-bolingen-44085563.html
Шымкентте миллиондаған қаражат негізсіз бөлінген
Шымкентте миллиондаған қаражат негізсіз бөлінген
Sputnik Қазақстан
Қазір талан-таражға түскен қаражатты мемлекет пайдасына қайтару жұмыстары жүріп жатыр 04.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-04T09:00+0500
2024-05-04T09:00+0500
2024-05-04T09:00+0500
шымкент
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e7/08/08/37358137_0:157:1500:1001_1920x0_80_0_0_3c53a5b07a8b54a3d4c7ef76d1f70035.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Шымкентте 5 бірдей спорт мектебінің қызметкерлеріне негізсіз үстемеақы төленіп келгені белгілі болды, деп хабарлайды 24.kz.2018 жылдан бері мекеме директорларының жүргізушілеріне, мұрағатшылар мен комендант, аудармашылардың есепшотына жалпы сомасы 15 миллион теңге аударылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қалалық спорт басқармасына талдау жасады. Тексеру тобына еріктілер де қатысты. Нәтижесінде бюджеттен бөлінген қаражат артығымен аударылғаны әшкере болды. Сонымен қатар қосымша ақы есептеудің тағы бірнеше жолдары анықталды. Қазір талан-таражға түскен қаражатты мемлекет пайдасына қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Сала мамандарына қатысты тәртіптік жаза қолдануға нұсқау берілді. "2018 жылдан бастап 2023 жылдың аралығында негізсіз төленген. Бұл бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті алдын ала зерделеу жүргізген. Сол соманың 13,3 миллион теңгесі бюджетке қайтарылған. Қаражаттар қайтарылғаннан кейін біздің департаментпен жергілікті атқарушы органға тиісті хат жолданды", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бойынша департаментінің бас маманы Жани Қамбар.
https://sputnik.kz/20240424/almaty-oblysynda-sudya-men-sot-pristavy-zhemqorlyq-ushin-sottaldy-43883417.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/08/37358137_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_25fcd59ae07e02814afd550138738322.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, сыбайлас жемқорлық
шымкент, сыбайлас жемқорлық
Шымкентте миллиондаған қаражат негізсіз бөлінген
Қазір талан-таражға түскен қаражатты мемлекет пайдасына қайтару жұмыстары жүріп жатыр
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Шымкентте 5 бірдей спорт мектебінің қызметкерлеріне негізсіз үстемеақы төленіп келгені белгілі болды, деп хабарлайды
24.kz. 2018 жылдан бері мекеме директорларының жүргізушілеріне, мұрағатшылар мен комендант, аудармашылардың есепшотына жалпы сомасы 15 миллион теңге аударылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қалалық спорт басқармасына талдау жасады. Тексеру тобына еріктілер де қатысты. Нәтижесінде бюджеттен бөлінген қаражат артығымен аударылғаны әшкере болды.
Сонымен қатар қосымша ақы есептеудің тағы бірнеше жолдары анықталды. Қазір талан-таражға түскен қаражатты мемлекет пайдасына қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Сала мамандарына қатысты тәртіптік жаза қолдануға нұсқау берілді.
"2018 жылдан бастап 2023 жылдың аралығында негізсіз төленген. Бұл бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті алдын ала зерделеу жүргізген. Сол соманың 13,3 миллион теңгесі бюджетке қайтарылған. Қаражаттар қайтарылғаннан кейін біздің департаментпен жергілікті атқарушы органға тиісті хат жолданды", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бойынша департаментінің бас маманы Жани Қамбар.