Дәурен Абаев Қазақстанда "русофобия" жоқ екенін айтты

© Photo : Пресс-служба посольства Казахстана в России Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Жеңіс мұражайында болды
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Жеңіс мұражайында болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2024
Жазылу
Қазақстанда үш миллион этникалық орыс тұрады, бізде ұқсас мәдени код бар, деді Абаев
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстандағы русофобия (орыстарды жек көрушілік - агенттік) – бұл өтірік, дейді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев. ТАСС агенттігіне берген сұхбатында дипломат соңғы кездегі фейктер туралы айтты.
Журналистердің қазақстандық әскери техника Украинаға берілетіні туралы қауесетке қатысты сұрағына Абаев мұның жалған екенін, елшілік ол қауесетті бірден жоққа шығарғанын айтты.
"Біз мұны бірден жоққа шығардық, бірақ бұл жалған ақпарат тарап үлгерді. Оны тіпті беделді басылымдар да тексерместен жариялады", - деді ол.
Абаев қауесеттерге тексерілмеген ақпарат ретінде қарау керектігін айтты.
"Менің ойымша, адамдарда цифрлық гигиена болуы керек, олар қажет емес мәліметтерге мән бермеуге дағдылануы қажет", - деді ол.
Елші Қазақстан туралы айта келе, дипломаттардың жалған ақпараттарға жиі тап болатынына өкініш білдірді.
"Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі ретінде Қазақстанда русофобия бар деген жалған жаңалықтардан қатты қысыламын, бұл – өтірік, шындыққа жанаспайды", - деді Абаев.
Ол Қазақстанда орыстарды жек көрушілік жоқтығына сенімді.
"Қазақстанда 3 миллионға жуық этникалық орыс тұрады. Бұл біздің азаматтарымыз. Русофобияның қандай да бір түрі болса, бұл мүмкін бе, елестетіп көріңізші", - деді ол.
Қазақстанда тұратын барлық ұлттың ортақ тарихы, менталитеті бар, тіпті белгілі бір дәрежеде мәдени коды ұқсас, деді елші.
Жаңалықтар
0