https://sputnik.kz/20240503/qazaqstanda-uqshu-parlamenttik-assambleyasynyn-kenesine-dayyndyq-zhurip-zhatyr--44082080.html
Қазақстанда ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясының кеңесіне дайындық жүріп жатыр
Қазақстанда ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясының кеңесіне дайындық жүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Бір айдан кейін кеңес Алматыда өз жұмысын бастайды 03.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-03T18:00+0500
2024-05-03T18:00+0500
2024-05-03T18:00+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e8/02/03/42029019_0:64:1279:783_1920x0_80_0_0_215596bcefd6dcf632f0be9b01565fb1.jpg
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясының жауапты хатшысы Сергей Поспеловпен кездесті, деп хабарлады Ұйымның баспасөз қызметі.Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан, парламент мәжілісі аппаратының жетекшісі Ренат Айтаев және ҰҚШҰ ПА-дағы Қазақстан парламентінің өкілетті өкілі Виктор Рогалев қатысты.2024 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді. Осыған орай Алматыда ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысы өтеді. Отырысқа ҰҚШҰ елдерінің парламенттік делегацияларының, сондай-ақ шетелдік қонақтардың – басқа мемлекеттер парламенттерінің өкілдері қатысады деп жоспарлануда.Биыл ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік шартының күшіне енгеніне 30 жыл толады.Келісімге 1992 жылы 15 мамырда Ташкентте (Өзбекстан) Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қол қойды. Кейін оған Әзербайжан, Беларусь және Грузия қосылды (1993).Шарт 1994 жылдың 20 сәуірінде ұлттық ратификациялау процестері аяқталғаннан кейін күшіне енді."Егер қатысушы мемлекеттердің біреуі кез келген мемлекет немесе мемлекеттер тобы тарапынан шабуыл жасалға, бұл осы Шартқа қатысушы барлық мемлекеттерге қарсы шабуыл ретінде қарастырылады. Ұйымға қатысушы мемлекеттердің кез келгеніне қарсы агрессия әрекеті жасалған жағдайда, барлық басқа қатысушы мемлекеттер оған қажетті көмек, соның ішінде әскери көмек көрсетеді, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес ұжымдық қорғаныс құқықты жүзеге асыру үшін өздерінің қарамағындағы құралдармен қолдау көрсетеді", - делінген шарттың негізгі төртінші бабында.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/03/42029019_75:0:1204:847_1920x0_80_0_0_8972d8d45b79a7ed4452e2edf51765f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
Қазақстанда ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясының кеңесіне дайындық жүріп жатыр
Бір айдан кейін кеңес Алматыда өз жұмысын бастайды
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясының жауапты хатшысы Сергей Поспеловпен кездесті, деп хабарлады Ұйымның баспасөз қызметі.
Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан, парламент мәжілісі аппаратының жетекшісі Ренат Айтаев және ҰҚШҰ ПА-дағы Қазақстан парламентінің өкілетті өкілі Виктор Рогалев қатысты.
"Тараптар 3 маусымда Алматыда өтетін ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің іс-шараларына дайындық барысын, оның ішінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіруге және ҰҚШҰ жауапкершілік аясындағы қауіпсіздік сын-қатерлеріне қарсы тұру үшін модельдік заңдарды дайындауға қатысты мәселелерді талқылады", - делінген хабарламада.
2024 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді. Осыған орай Алматыда ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысы өтеді. Отырысқа ҰҚШҰ елдерінің парламенттік делегацияларының, сондай-ақ шетелдік қонақтардың – басқа мемлекеттер парламенттерінің өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
Биыл ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік шартының күшіне енгеніне 30 жыл толады.
Келісімге 1992 жылы 15 мамырда Ташкентте (Өзбекстан) Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қол қойды. Кейін оған Әзербайжан, Беларусь және Грузия қосылды (1993).
Шарт 1994 жылдың 20 сәуірінде ұлттық ратификациялау процестері аяқталғаннан кейін күшіне енді.
"Егер қатысушы мемлекеттердің біреуі кез келген мемлекет немесе мемлекеттер тобы тарапынан шабуыл жасалға, бұл осы Шартқа қатысушы барлық мемлекеттерге қарсы шабуыл ретінде қарастырылады. Ұйымға қатысушы мемлекеттердің кез келгеніне қарсы агрессия әрекеті жасалған жағдайда, барлық басқа қатысушы мемлекеттер оған қажетті көмек, соның ішінде әскери көмек көрсетеді, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес ұжымдық қорғаныс құқықты жүзеге асыру үшін өздерінің қарамағындағы құралдармен қолдау көрсетеді", - делінген шарттың негізгі төртінші бабында.