Қазақстан экспортталған Ресей электр энергиясының жартысын сатып алды – БАҚ

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЭлектр энергиясы
Электр энергиясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2024
Жазылу
2023 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан 3 млрд киловатт-сағаттан астам электр энергиясын сатып алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 156%-ға артық
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Қазақстан Ресей экспорттайтын электр энергиясының жартысына жуығын сатып алды, деп жазды "Коммерсантъ".
Басылымның хабарлауынша, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында ресейлік электр энергиясын Қазақстанға жеткізу 29%-ға, яғни 977,2 млн киловатт сағатқа дейін өсті.
Бірінші тоқсанда республика жоспардан артық 607 миллион киловатт-сағат сатып алды, бұл Ресейден жеткізілетін барлық жеткізілімнің шамамен 62%-ы, деп жазды газет.
Өткен жылы да Қазақстан Ресейден рекордтық көлемде электр энергиясын сатып алды.
2023 жылдың екінші жартыжылдығында республика 3 млрд киловатт-сағаттан астам электр энергиясын сатып алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 156%-ға артық.
Екі ел арасындағы жаңа сауда ережелеріне байланысты Қазақстан Ресейден электр энергиясын көбірек және қымбатырақ сатып алатыны бұған дейін хабарланды.
Энергияның доллардағы орташа бағасы бір жылмен салыстырғанда 7,5%-ға өсіп, 1 киловатт-сағат үшін 0,057 долларға дейін, ал рубльмен есептегенде – үштен бірге, 5,4 рубльге дейін өсті.
"Коммерсантъ" сарапшылары Қазақстан өз генерациясының тапшылығына байланысты Ресейден энергия сатып алуды ұлғайта береді деп болжады.
Жалпы алғанда, 2023 жылы Қазақстан 113 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіріп, 115 киловатт-сағат тұтынған (бір жылмен салыстырғанда 1,9%-ға өсті).
Ресейден импортталген энергия 5 млрд киловатт-сағатты немесе тұтынудың 4,3%-ын құрады.
Жаңалықтар
0