https://sputnik.kz/20240503/memleketke-12-mlrd-tenge-zalal-keltirgen-qylmystyq-top-sottaldy-44061559.html
Мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген қылмыстық топ сотталды
Мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген қылмыстық топ сотталды
Sputnik Қазақстан
Олар шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысқан 03.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-03T10:01+0500
2024-05-03T10:01+0500
2024-05-03T10:01+0500
қылмыстық топ
хқко
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28009586_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_d1855aa440ad669048873eacb373aa3a.jpg
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Мемлекетке 1,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген арнайы ХҚКО-ларда ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.Ведомствоның мәліметінше 25 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысқан арнайы ХҚКО мен полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға қатысты үкім шығарды.2022 жылдың қаңтарынан мамырына дейін қылмыстық топ шетелден әкелінген 462 автокөлікті заңсыз тіркеген. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,2 млрд теңгені құрайды.Сот үкімімен 32 адам сотталды, оның ішінде қылмыстық топтың ұйымдастырушылары - Астана қаласының №2 Мамандандырылған ХҚКО басшысы Ш. Бөкебаев пен Астана қаласының Арнайы ХҚКО мамандары А. Там-Оглы мен Х. Там-Оглы 9 жыл бас бостандығынан айырылды, 5 топ қатысушысы 6 жыл бас бостандығынан айыру, ал жазаның әртүрлі мерзімдері бойынша 17 "көмекшіге" бас бостандығынан айыру және шектеу түріндегі жаза тағайындалды.Сондай-ақ 7 қызметкер 2 жыл 6 айдан бастап бас бостандығын шектеуден 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.Олар арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.Сот процесі Астана қаласы полиция департаментінің жеке құрамының, сондай-ақ Астана қаласы Арнайы ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен өтті.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Сонымен қатар тергеу барысында арнайы ХҚКО маманы көлік құралдары иелерінің қолтаңбаларын қолдан жасау фактілері анықталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28009586_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_f990e6586d7f17c3fb9edd12064fdafa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ, хқко
Мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген қылмыстық топ сотталды
Олар шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысқан
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Мемлекетке 1,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген арнайы ХҚКО-ларда ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше 25 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысқан арнайы ХҚКО мен полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға қатысты үкім шығарды.
"Олар ұйымдасқан топ құрып, басшылық жасау, мемлекетке мүліктік залал келтіру, "Web-Модуль" ҚКО" және "ХҚКО ИАЖ" ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау бойынша айыпты деп танылды", - делінген хабарламада.
2022 жылдың қаңтарынан мамырына дейін қылмыстық топ шетелден әкелінген 462 автокөлікті заңсыз тіркеген. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,2 млрд теңгені құрайды.
Сот үкімімен 32 адам сотталды, оның ішінде қылмыстық топтың ұйымдастырушылары - Астана қаласының №2 Мамандандырылған ХҚКО басшысы Ш. Бөкебаев пен Астана қаласының Арнайы ХҚКО мамандары А. Там-Оглы мен Х. Там-Оглы 9 жыл бас бостандығынан айырылды, 5 топ қатысушысы 6 жыл бас бостандығынан айыру, ал жазаның әртүрлі мерзімдері бойынша 17 "көмекшіге" бас бостандығынан айыру және шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Сондай-ақ 7 қызметкер 2 жыл 6 айдан бастап бас бостандығын шектеуден 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Олар арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот процесі Астана қаласы полиция департаментінің жеке құрамының, сондай-ақ Астана қаласы Арнайы ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сонымен қатар тергеу барысында арнайы ХҚКО маманы көлік құралдары иелерінің қолтаңбаларын қолдан жасау фактілері анықталды.