https://sputnik.kz/20240503/kegoc-2023-zhylgy-taza-paydanyn-97-protsentin-dividend-retinde-boledi-44060379.html
KEGOC 2023 жылғы таза пайданың 97 процентін дивиденд ретінде бөледі
KEGOC 2023 жылғы таза пайданың 97 процентін дивиденд ретінде бөледі
Sputnik Қазақстан
Ұлттық компания акционерлерінің жыл сайынғы жиналысында жаңа директорлар кеңесінің құрамы бекітілді 03.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-03T08:57+0500
2024-05-03T08:57+0500
2024-05-03T08:57+0500
ұлттық компания
https://sputnik.kz/img/07e8/04/01/43353346_0:187:2980:1863_1920x0_80_0_0_316bba05ebfc1d67d553b3d824fbda8c.jpg
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. KEGOC 2023 жылғы таза пайданың 97% дивидендтерге жібереді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.Бұған дейін 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша "KEGOC" АҚ акционерлерге бір акцияға 77,74 теңге мөлшерінде дивиденд төлеген болатын.Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерге бір жылдағы таза пайданың 97% - ы 42,1 млрд теңге немесе бір жай акцияға 157,24 теңге мөлшерінде бағытталатын болады.2023 жылдың екінші жартыжылдығында компанияның акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар "KEGOC" АҚ акционерлерінің тізімі 2024 жылғы 24 мамырда 00 сағат 00 минутта тіркеледі.Сонымен қатар акционерлер жиналыста "KEGOC" АҚ Директорлар кеңесінің келесі құрамын бекітті:"KEGOC" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов тағайындалды.Жаңадан сайланған директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 3 жылды құрайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/01/43353346_125:0:2856:2048_1920x0_80_0_0_1bfd0549bb1498682a5d8bfeab9fa188.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық компания
KEGOC 2023 жылғы таза пайданың 97 процентін дивиденд ретінде бөледі
Ұлттық компания акционерлерінің жыл сайынғы жиналысында жаңа директорлар кеңесінің құрамы бекітілді
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. KEGOC 2023 жылғы таза пайданың 97% дивидендтерге жібереді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"2023 жылдың екінші жартыжылдығында "KEGOC" АҚ бір акциясына төленетін дивидендтер көлемі 79,5 теңгені құрады", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша "KEGOC" АҚ акционерлерге бір акцияға 77,74 теңге мөлшерінде дивиденд төлеген болатын.
Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерге бір жылдағы таза пайданың 97% - ы 42,1 млрд теңге немесе бір жай акцияға 157,24 теңге мөлшерінде бағытталатын болады.
2023 жылдың екінші жартыжылдығында компанияның акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар "KEGOC" АҚ акционерлерінің тізімі 2024 жылғы 24 мамырда 00 сағат 00 минутта тіркеледі.
"2023 жылдың екінші жартыжылдығында "KEGOC" АҚ акциялары бойынша дивидендтер төлеу 2024 жылдың 30 мамырынан басталады", - деп атап өтті компания.
Сонымен қатар акционерлер жиналыста "KEGOC" АҚ Директорлар кеңесінің келесі құрамын бекітті:
1.
Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – "Самұрық-Қазына" АҚ мүдделерінің өкілі;
2.
Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – "Самұрық-Қазына" АҚ мүдделерінің өкілі;
3.
Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – "Самұрық-Қазына" АҚ мүдделерінің өкілі;
4.
Айтжанов Наби Еркінұлы – "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы;
5.
Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы - тәуелсіз директор;
6.
Дулкаиров Марат Тұрғанбекұлы - тәуелсіз директор;
7.
Сүйентаев Дамир Серікбайұлы - тәуелсіз директор.
"KEGOC" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов тағайындалды.
Жаңадан сайланған директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 3 жылды құрайды.