https://sputnik.kz/20240503/astanada-run-for-autism-qayyrymdylyq-zharysy-otedi-44083963.html
Астанада "Run for Autism" қайырымдылық жарысы өтеді
Астанада "Run for Autism" қайырымдылық жарысы өтеді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. 18 мамырда елордадағы Триатлон паркінде "Run for Autism" қайырымдылық жарысы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 03.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-03T22:38+0500
2024-05-03T22:38+0500
2024-05-03T22:38+0500
астана
жарыс
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/09/30224883_0:19:3205:1822_1920x0_80_0_0_f0ec867203943677703eb5ffe20a7404.jpg
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. 18 мамырда елордадағы Триатлон паркінде "Run for Autism" қайырымдылық жарысы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Қалалық ауқымдағы спорттық іс-шара 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км қашықтыққа жүгіруді ұнататындар үшін ұйымдастырылады. Оған денсаулық жағдайы бойынша жоғарыда аталған қашықтықтарды еңсере алатын 12 жастан асқан Астананың кез келген тұрғыны мен қонағы қатыса алады.Жарыс 18 мамыр күні сағат 08:00-ден 11:30-ға дейін өтеді.Жарыстың мақсаты – елдегі аутизм мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару және елордада бұқаралық спортты дамыту.Қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Жарысқа қатысушылардың лимиті – 2 000 адам.Басқа қатысушы үшін бастапқы пакетті алушының атына жеке куәліктің және сенімхаттың көшірмесін еркін нысанда ұсыну арқылы ғана алуға болады.Барлық түскен қаражат инклюзивті білім беруді дамытуға, аутизмі бар балаларды қолдауға, "Әрбір бала мектепке лайық" жобасына бағытталатын болады. Жоба туралы толығырақ www.bolashakcharity.kz сайтынан көре аласыз.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/09/30224883_309:0:3040:2048_1920x0_80_0_0_530b690f35ef74b60409ca0aad1c5486.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жарыс
Астанада "Run for Autism" қайырымдылық жарысы өтеді
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. 18 мамырда елордадағы Триатлон паркінде "Run for Autism" қайырымдылық жарысы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық ауқымдағы спорттық іс-шара 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км қашықтыққа жүгіруді ұнататындар үшін ұйымдастырылады. Оған денсаулық жағдайы бойынша жоғарыда аталған қашықтықтарды еңсере алатын 12 жастан асқан Астананың кез келген тұрғыны мен қонағы қатыса алады.
Жарыс 18 мамыр күні сағат 08:00-ден 11:30-ға дейін өтеді.
Жарыстың мақсаты – елдегі аутизм мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару және елордада бұқаралық спортты дамыту.
Қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Жарысқа қатысушылардың лимиті – 2 000 адам.
Басқа қатысушы үшін бастапқы пакетті алушының атына жеке куәліктің және сенімхаттың көшірмесін еркін нысанда ұсыну арқылы ғана алуға болады.
Барлық түскен қаражат инклюзивті білім беруді дамытуға, аутизмі бар балаларды қолдауға, "Әрбір бала мектепке лайық" жобасына бағытталатын болады. Жоба туралы толығырақ
www.bolashakcharity.kz сайтынан көре аласыз.